Қазақстандықтар Конституция күні және Құрбан айтта қалай демалады

2717
2
Бөлісу:

Картинки по запросу құрбан айт

Жаз айының соңында-күздің алғашқы күндері қазақстандықтар екі мерекеге орай демалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылға арналған мерекелік және демалыс күндергі күнтізбеге сәйкес, жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні биыл сәрсенбіге түсіп тұр.

Сәйкесінше, қазақстандықтар бір күн ғана демалатын болады. Ал Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні биыл 1 қыркүйек – жұмаға сәйкес келеді. ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы 5-тармағында Қазақстандағы діни мерекелер демалыс күн ретінде белгіленген.

Осылайша, қазақстандықтар сәрсенбі күні демалып, бейсенбі жұмысқа шығады да, жұмадан бастап келесі дүйсенбіге дейін тағы үш күн тынығады. Демалыс күндерді ауыстыру қарастырылмаған.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Баубек 17 Шілде, 2017 11:39 Жауап

    Демалыс күнін ауыстыруды доғару қажет. Өткен 6 шілде мереке күнін тұтас қыламыз деп Үкімет 7 шілдені демалыс қылып, есесіне 1 шілдені жұмыс күні қылды, бұның ақыры жұмыс істеушілер заң белгіленген 40 сағаттық жұмыс аптасын 48 сағат қылдырды, адамдар сенбі күні жоспарланған істерін істемей қалды. Үкімет өзінің қаулысымен Еңбек кодексінін бабын елеулі түрде бұзды. Нəтижесінде 8 сағат Еңбек кодексінде көрсетілгендей істелген жұмыс бір жарым есе төленген жоқ.сондықтан Кеңес мемлекетінен қалған заңмен белгіленген демалыс күндерін одан төмен тұратын Үкімет қаулысымен жұмыс күні қылдыру біздің қазіргі ата заңымыз жат қылық.

Пікір немесе жауап жазу