Қазақстан құрамасы самбодан Әлем кубогын иеленді

Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы спорттық және әскери самбо бойынша ҚР Президентінің жүлдесіне арналған Әлем кубогында жеңімпаз атанды. Әлем кубогының кезеңі Астанада 6-8 шілдеде өтті. Жарысты ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Халықаралық самбо федерациясы өткізді, оған әлемнің 16 елінен 200-ден астам спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте 13 алтын, 12 күміс, 29 қола медальмен Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, Кубок иегері атанды. Екінші, үшінші орынды Грузия мен Ресей командалары иеленді. qazaquni.kz