«Ақ алтынның» қадірі

Оңтүстік Қазақстан облысының брэнді мақта болса, дәл осы өсімдіктің 80 пайызын Мақтарал ауданы өндіреді. Мұнда мақта өсіруші шаруашылықтар табысының негізгі көзі болып табылатын мақта егістері шоғырланған. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Сонымен қатар, ол өсімдік майына деген сұранысты толықтырудың маңызды қоры. Мақта шаруашылығының негізгі өнімі – шитті мақта. Оны халық «ақ алтын» деп атайды. Мақта талшығы ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Киім тігу мен тұрмыс қажетін өтеудің сыртында соңғы кездерде химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, кирза және басқа да бұйымдар жасалады. Сонымен қатар, мақта талшығынан автомобиль және авиация өнеркәсібі үшін техникалық маталар тоқылады. Мақта талшығын және басқа бөліктерін химиялық жолмен өңдеу арқылы жоғарыда аталған бұйымдардан басқа сынбайтын әйнек, фотопленка, каллойдтар, лактар, қағаз, пироксилин, сірке және лимон қышқылын, сондай-ақ т.б. көптеген өнім алуға болады. Яғни, Мақтаралдың бір ғана мақтасынан 700-ден астам бұйым дайындалады. 100 кг. талшықтан 2000 м. барқыт немесе 1200 м. сиса, 2 болмаса, 500 м. бөз тоқылады. Мақта зауыттарында 60-65% шитті мақтаны өңдеген кезде одан 32-33 пайыздан астам торқа алынады. Осы торқадан тоқыма өнеркәсібі әсем және мықты мақта – шыт, сәтен, бәтес, шифон, крепдешин, жасанды, жібек, әртүрлі барқыт мата мен бұйым жасап шығарады. Бір тонна шитті мақтаның торқасынан орта есеппен 4000 метрдей әртүрлі мата тоқуға болады. Сонымен қатар, фабрикаларда өңделген мақта торқасы тек мата жасауға қажетті шикізат қана емес, одан техникаға керекті сан алуан заттар да істеп шығарылады. Мақта торқасынан сүзгілер, мотор арасына салынатын заттар, электрлік орауыштар, белдіктер және басқа да бұйымдар жасалады. Май зауыттарында мақта шитін өңдегенде, одан 20-25 процентке дейін май алынады. Ол майды тамақ үшін пайдалануға да, одан глицерин, сондай-ақ басқа да арнаулы май істеп шығаруға болады. Мақта шитін тазартқанда 3 процентке жуық өте бағалы мақта мамығы алынады. Ондай мамықтан жасанды былғары, авиация өнеркәсібі мен автомобильдер үшін сыр, жасанды жібек және басқа бұйымдар істеледі. Май алу үшін өңделген әрбір тонна мақта шитінен 400-420 кг күнжара, 380-400 кг қабық шығады. Бұлар малға құнарлы азық ретінде пайдаланылады. Мақта тұқымының эндоспермінде орта есеппен 35,5% белок заты, 6,5% су, 1,8% госсипол, т.б. бар екені ғылыми тұрғыдан анықталған. Эндоспермнің негізгі бөлегі ақуыз бен көміпқышқыл қосылысынан және фосфор заттарынан тұрады. Мақта майының құрамында 40-45% линолин қышқылы бар, ол архидон қышқылымен қосылып, адам организміне аса қажетті С витаминінің ролін атқарады. Мақта майынан, сондай-ақ, маргарин өндірісінде кеңінен қолданылатын тағамдық сапалас, таза глицерин мен май қышқылы алынады. Мақта тұқымынан алынатын күнжара мал азығына аз қосылады, өйткені, оның құрамында мол организміне зиянды госсипол бар. Госсипол ауыл шаруашылығында өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын препараттар дайындауға, ал өнеркәсіпте – смола мен пластмасса т.б., медицинада бірқатар ауруларды емдеуге және медикаменттер әзірлеуге пайдаланылады. Мақта өсімдігінің жапырақтарынан лимон және алма қышқылдары, ал сабақтарынан – спиртпен құрылыс материалдары (картон, шифер, прес­телген тақтайлар, фанера, әртүрлі плиталар), т.б. жасалады. Еліміздің экономикасы Қазақстанның оңтүстігіндегі жергілікті қарапайым тұрғындарына мақта шаруашылығының маңызы өте зор. Халықтар мақтаның қозасын отын қылады. Ол отынды күнделікті үй пешіне немесе ошағына қолданады. Мақтадан шығатын отынды қозаның паясы делінеді. Бұл отын мақтаның қозасынан алынады. Мақта звуыттарында мақтаны өңдегенде, одан талшығынан бөлек линт, пух, қауашақ және қоқымы қалады. Линтті өңдеп одан порох шығарады. Бұл линтті көбіне Қытай Республикасы Қазақстаннан сатып алып, оны өңдеп порох шығарады. Ал пухты халықтар мал шаруашылығына қолданады. Пух малдың азығы болып саналады. Қауашағы – бұл мақтаның қауызы. Қауашақты да мал шаруашылығында қолданады. Қауашақты суға салып жібітіп, оны малдарға жем есебінде беріледі. Мақтадан өңделген қоқымына келетін болсақ, бұл қоқымды зауыттардан шығарылып, егістік жерлерге қайтадан сеуіп шығады. Бұл қоқым жердің құнарлығын арттырады. Яғни, қоқымды тыңайтқыш ретінде қолданылады. Дінмұхамед Аязбеков qazaquni.kz