Мұхтар Тайжан ЭКСПО кешенін Ұлттық Пантеон ретінде қолдануды ұсынды

Картинки по запросу экспо астана

Белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Экспо көрмесі өткеннен кейін оның аумағын, ғимараттары, кешендерімен қосып Ұлттық Пантеон ретінде қолдануды ұсынды.

Бұл туралы Қазақ үні ұлттық порталы хабарлайды.

Біріншіден, дағдарыс кезінде ақша үнемдеп қаламыз. Бәрі дайын. Аумағы да кең. Рет-ретімен жатқыза берсе ұзаққа жетеді, - деп жазады Тайжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әр павильонды белгілі бір шенеунікке немесе тұтас бір ауқатты отбасына арнауға болады, сол жерде олар туралы фильмдер көрсетіп, экспонаттары бар шағын мұражай ашуға мүмкіндік те бар.

Мектеп оқушылары мен студенттерге жазда да, қыста да арнайы экскурсиялар өткізіледі. Сол жерде оқушылар мен студенттерді "Нұр Отан"-ға қабылдау рәсімін өткізсе болады. Олар өз кезектерінде о дүниеге өтіп кеткен көкелерінің аруақтары риза болсын деп ант беріседі.

Ал, ең негізгі Шарда - "Нұр Әлемде", әлбетте, алдын-ала әзірленіп қойған тізім бойынша VIP-орындар болады. Ол жерде оларға жатуға да ыңғайлы, Астананың қалай салынып жатқанын бақылап жатады. Кешке жақын лазерлік шоу болады.

Пантеонға қыруар қаржы жұмсап қайтеміз, оған сай нысанымыз да бар ғой, міне. Үнемделген ақшаға сол Пантеонда жатқан жарықтықтарға арнап салют атамыз! - дейді Тайжан.

qazaquni.kz Похожее изображение