Шымкентте Астана атты керіктің туған күні тойланды

Шымкентте Астана атты керіктің туған күні тойланды

Шымкенттіктер зообақта Астананың туған күнін атап өтті. Биыл керіктің 7 жасқа толуына орай қала әкімдігі ең жас қалалық тұрғындар үшін мерекелік бағдарлама әзірлеп, ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте Астана атты керіктің туған күні тойланды

Шымқалалық балалар үшін аниматорлар өнер көрсетіп, театрландырылған шоуды тамашалады.  Жас балғындар үшін концерттік бағдарлама қойылып, Астана қаласы туралы фильмдер қойылды. Зообақтағы ең қызықты шара 7 жасар Астана атты керіктің туған күніне арналған мерекелік құттықтау сәті болды. Бұл күні ол хайуанаттар бағы қызметкерлерінен сыйлыққа салмағы 15 келі торт алды.

Шымкентте Астана атты керіктің туған күні тойланды

Еске салайық, 2011 жылы Алматы зообағынан әкелінген керіктің  туған күні мерекелі күнмен сәйкес келгендіктен бас қаланың құрметіне орай есімін «Астана» деп атаған еді. Бүгінде бойшаң жануар оңтүстіктің табиғатына  жақсы үйреніп, жас балақайлардың сүйіктісіне айналған.