Мемлекет басшысы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Астананы салу тарихы жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан елордасының төңірегіндегі жасыл аймақты дамыту барысын әңгімеледі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік телеарна тілшісіне еліміздің бітімгершілік миссиясының мақсаттарына, әлемдегі қақтығыстарды реттеу жөніндегі Қазақстан қызметінің нәтижелеріне тоқталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ел экономикасын жаңғырту үдерісі және индустриялық-инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы айтып берді.