Астананың дәл ортасында көлік көпірден Есілге құлап кетті

Астананың дәл ортасында көлік көпірден Есілге құлап кетті

«Chevrolet aveo» автомобилі Тұран көшесіндегі көпірден құлап кетті, деп жазады «ҚазАқпарат».

«3 шілде күні сағат 02.00-де «Chevrolet aveo» маркалы автомашинаның жүргізушісі рулге ие бола алмай Тұран көшесіндегі көпірден өзенге құлап кетті. Зардап шегушілер жоқ», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова.

Оның ақпараты бойынша, көлік арнайы техниканың көмегімен өзеннен шығарылған.

«Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды», - деді Софья Қылышбекова.