Шымкентте үйлену тойы жас жұбайларсыз өтті

4351
13
Бөлісу:

«Естімеген елде көп» демекші, күні кеше Шымкент қаласындағы зəулім тойханалардың бірінде ерекше үйлену тойы өткен, – деп жазады alashinform.kz.

Тойға келгендер бұрын соңды болмаған кешке куə болыпты. Өйткені тойға қыз бен жігіт келе алмай қалды, деп әңгімесін бастады тойға Қызылорда қаласынан арнайы келген Айнұр Дүйсен.

Оның туған әпкесі өткен жылы тұрмыс құрған екен. Шымкент қаласында жоғары білім алған Индира өмірлік жарын осы жерден тапқан. Құдай қосқан қосағымен шаңырақ көтерген ару той үстінде өмірге тұңғышын əкелемін деп ешқашан ойламаған болар.

Күні бойы қаланы аралап қыдырған жастардың «гулянкасы» күтпеген жерден тоқтапты. Кеш соңында жас келіншектің толғағы қысып, перзентханадан бірақ шыққан.

«Бұл уақытта тойхана қонақтарға лық толы еді. Той иелері кешіккен соң, уайымдай бастадық. Əпкеміздің аяғы ауыр. Бірақ əлі 1айдан аса уақыты бар болған соң елемеген едік. Тойға дайындалып, біраз шаршаған болуы керек. Жылқы сойып, үйде ас беріп жатырмыз, деген кеше ғана», дейді Айнұр Дүйсен.

Жас жұбайларды күткен 500 қонаққа жаңалықты ата-анасы жеткізген. Содан кейін тойға алыстан келген құда-жекжаттан кешірім сұрап, мерекені бастап кеткен. Жиналған меймандар үйлену тойының шілдеханаға ұласқанын айтып тілек жаудырып, той тойлаған.

Бəрінен бұрын кеш бойы қызының жағдайын уайымдаған анасына тойда отыру қиын болса керек. Тойды Ораза айынан кейін өткізуге бел буған жігіттің жақындары да той үстінде немерелі боларын қайдан білсін?!

Түнгі сағат 12-ден асқанда сүйінші хабар жетіп, жас отбасының қызды болғаны белгілі болған. Бұл уақытта қонақтардың көбі тарқасқан. Алыстан арнайы көлік жалдап жеткен қыздың төркіні, қыздарын көре алмай ауылдарына қайтуға мәжбүр болған екен. Ата -анасының үйлену тойында өмірге келген сəбидің есімін Аяла деп қойыпты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 13 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 5 Шілде, 2017 02:47 Жауап

    адамның дегені емес алланың жазғаны болады. қайдан білесің аяқ астында не боларын

  2. Айна 5 Шілде, 2017 12:23 Жауап

    Аяғы ауыр келінге тойдың керегі не. Қазақтың дарақылығы бітпейді. Свадьба ол орыстың тойы. Қазақтікі бет ашар.

    • ainur 6 Шілде, 2017 00:41 Жауап

      озин той жасамай барган жеринди той жасатып аурелемей беташар гана жасат жарайиа!сондай акылды болсан!

    • ainur 6 Шілде, 2017 00:42 Жауап

      озин той жасамай барган жеринди той жасатып аурелемей беташар гана жасат жарай ма!сондай акылды болсан!

  3. Қолқоюсыз 5 Шілде, 2017 23:37 Жауап

    Уйлену тойы кыз кайын журттын босагасын аттаганша жасалу керек кой. Онтустиктин дал осы дастур-салты ерси коринеди.

  4. Қолқоюсыз 6 Шілде, 2017 09:59 Жауап

    Үйлену тойы деген екі жастың қосылып жаңа өмірге аяқ басқанда жасалатын тойы емеспе еді ал енді той жасамай қосылып бала туайындеп отырған келінге үйлену тойын жасау дарақылық бүл қазақ ұят дегенді қойған уйленбестен қосылып бірге тұра береді қызға ұлға қой дейтін қожа əй дейтін əже жоқ

  5. Қолқоюсыз 10 Шілде, 2017 09:33 Жауап

    түсінгенім, олар бір жыл бұрын үйленген. содан бері той жасамаса да, ай қарап жүрмегендері анық қой. келіннің босанып қалғанын кіналауға ешқандай негіз жоқ. шарбатқа қарата айтып отырмын

Пікір немесе жауап жазу

он + тоғыз =