Қазақстан Үкіметінің Ресей тілінде сөйлеуі – заңсыз!

6361
40
Бөлісу:

 

Мемлекеттік орган тек мемлекеттік тілде ғана жұмыс істеуге тиіс!

 

Қазақстан Конституциясының 7-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi» екендігі тұжырымдалып, 2-тармағында «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деп көрсетілгенінін білеміз. Назар аударыңыздар, Үкімет мемлекеттік ұйым емес, ол – мемлекеттік орган. Мемлекеттік ұйымдар дегеніміз министрліктер мен ведомстволардың өз міндеттерін жүзеге асыру үшін құрған ұйымдары. Айталық, ауыл шаруашылығы министрлігі – мемлекеттік орган болса, ол құрған ветеринариялық қызмет –мемлекеттік ұйым саналады. Орыс тілінің ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны туралы норма міне, осындай тек екінші деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарға ғана қатысты.

Қазақстан Конституциясының 64-бабының 1-тармағында «Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды» десе, 2-тармағында «Үкімет алқалы орган болып табылады» дейді. Яғни «атқарушы органдардың жүйесін басқаратындығын» әрі «алқалы» екендігін ескерсек Ата заңымыз Үкіметтің орган екендігін дәлелдеп тұр. Анау-мынау емес – мемлекеттік орган! Үкіметтің мемлекеттік ұйым емес МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН болуы себепті оның мемлекеттік тілде емес басқа тілде жұмыс істеуі, Үкімет отырыстарын орыс тілінде жүргізуі Конституцияға қайшы әрекет! Үкімет отырыстары орыс тілінде өтсін деген конституциялық норма еш жерде жоқ. Яғни бұл заңсыздық! Мұндай қателіктер жедел түзетілуге тиіс!

Бұған қосымша, мынандай жағдайды ескеру қажет. Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы заңның 4-бабында «Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» екендігі баяндалған. Сондай-ақ Үкіметтің Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға міндетті екендігі айтылған. Оның үстіне ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23-ақпандағы № 3 қосымша қаулысында: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді» деген тұжырымы тағы бар. Бұдан шығатын қорытынды Мемлекеттік орган тек мемлекеттік тілде ғана жұмыс істеуге тиіс!

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев мырза, қателік қашан түзетіледі?!

Марат  ТОҚАШБАЙ

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 40 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 3 Шілде, 2017 12:26 Жауап

    что Вы? Егер олар орысша сөйлемесе, «мамбет» қазақтар болып қалады ғой, ал орысша сөйлесе «крутой» высший сортный казактар болады ғой. Әй, сорлы Қазақтар недеген сорлы Ұлтсыңдар. Бірің біріңмен Бақ талас болған, ешкімге керек емес Жүзге бөлініп быт шыт болған сорлы Қазақ.

  2. Руза 3 Шілде, 2017 12:53 Жауап

    Барлығы заңсыз, мемтіл болғансоң, осы мемлеккеттегі барша субъектілер өз жұмыстарын мемтілде жүргізуі тиіс, орыс тілде тек жеке сұранымдар бойынша ғана!

  3. Махамбет 3 Шілде, 2017 13:10 Жауап

    «Ақ жол» партиясынан үлгі алу керек. Қытайда да, Қазақстанда да қытай делегациясымен қазақ тілінде сөйлескен.

  4. еділ қаған 3 Шілде, 2017 15:24 Жауап

    салтанаттың сөзі сөз-ақ ! шынында бұл өз еліңде отырып өзге мемлекет тілінде сөйлеу сатқындық . сол өзге мемлекет біздерге қалай күлмесін, қалай астамшылық ойлап күпінбесін !

  5. Қолқоюсыз 3 Шілде, 2017 16:22 Жауап

    Орыс тілі Қазақ Елінде мәңгілік тіл, ал Қазақ Елі мәңгілік пе или «не вежно» ма? ол белгісіз ? Қазақ Ақымақ !

  6. Нұра 3 Шілде, 2017 17:39 Жауап

    Оян қазақ! Жыламаған балаға емшек қайда? Халық неге үндемейді а қашанғы үндемейді? Қазақтар осыншалық намыссыз емес еді гой ата-бабаларымыз…

  7. Madina Ahmatova 3 Шілде, 2017 18:09 Жауап

    Қазақстанда өзінікі болған не қалды өзі түсінбеймін.Тілі жоқ ұлт құрдымға кетеді бір күні.

  8. Дархан Керей 3 Шілде, 2017 18:10 Жауап

    Премьер-Министр Сагынтаев мырзага таным бар отыргандар бары казак сонда неге оларга орысша сойлейди.алде олар казакша тусине алмай ма? Каншама отырыста соны байкадым.

  9. Cenbek Cauletbek 3 Шілде, 2017 18:12 Жауап

    шертиіп мәнсап алған өңкей қазақ,
    сөйлеген ана тілін,тілін қажап.
    бітірген шаруасы санап алар,
    ұялмайды болсада шетке мазақ

  10. Akgul Turebaeva 3 Шілде, 2017 18:13 Жауап

    Казак тилимиздин куны калмады.Казакша сойлеп турсан жауындай карайтын заман болдыго

  11. Арман Маден 3 Шілде, 2017 18:13 Жауап

    Мəңгүрт үкімет, болашағымыз не болмақ? К.Маркстың бір сөзі бар: – Не знать языка проживания может только гость, идиот или оккупант.

  12. Макпал Толебай 3 Шілде, 2017 18:14 Жауап

    Кайда барсанда Коркыттын кори туралыкты желмаямен издеуден пайда жок

  13. Досбол Кыстаубаев 3 Шілде, 2017 18:16 Жауап

    Сағынтаев та кетер мəсім ді қайтадан премер қылайын деп отыр ау.

  14. Бейбіт Тұрлыбай 3 Шілде, 2017 18:17 Жауап

    Досбол! Оның арғын, ошақты болғанында не тұр? «Намыссыз қазақ демейсің бе ?

  15. Қолқоюсыз 3 Шілде, 2017 18:18 Жауап

    Мал деп, үкіметтегілерді емес, малды қорламаңдар! өйткені әр мал өз тілінде маңырайды. Ал үкімет пен парламенттегілер өзге тілде маңырайды, Мал бқлардан артық.

  16. Досбол Кыстаубаев 3 Шілде, 2017 18:19 Жауап

    Рас руында тұрған ештеңе жоқ мəселе қазақша өзі сөйлеп басқаны сөйлетуге тырыспауында жатыр қазақ мектебін бітірсе де не пайда.

  17. Гулшат Тұранқызы 3 Шілде, 2017 18:19 Жауап

    Сағынтаев Бақытжан..Менің Класстасым…Өте Білімді…Текті Жігіт…Мінезге де Бай…Қазақ классын бітірдік…Қасындағылар 100% Қазақша тусінбейтіндер -ау…Соларға бола..Сөйлемесе…Айтқан Сөзді тусінсін деп..

  18. Бибигул Байтур 3 Шілде, 2017 18:20 Жауап

    Бұл ойды мен толық қолдаймын. Қазақстанда тек қазақ тілінде! !

  19. Қолқоюсыз 3 Шілде, 2017 18:22 Жауап

    Бәри жоғарыдан, бастан шіріп жатыр. Шынында орысша сойлемесен жумыска алмайды…

  20. Бейбіт Тұрлыбай 3 Шілде, 2017 18:23 Жауап

    Гулшат қарагым,кластасың жалтақ сияқты. Қатаң талап етсе түсінбей қайда барады. Екі мәрте Сагынтайдан сөгіс естісе не ту сінетін болады не қожайының артын жалап келеді.

  21. Қайнайды қаның ,ашиды жаның ...... 3 Шілде, 2017 19:00 Жауап

    Өңкей қара қазақ жиылып алып , орысша сайрағанда , əй қаның қайнайды – ау !!!! 25 жыл болды , халқымыздың саны 70 % асты , енді кімнен рұқсат күтіп отырмыз !!

  22. Секе 3 Шілде, 2017 19:03 Жауап

    Казакша сойлесин отырыста ,тусинбесе тилмаш жалдар казак казактан маскара гой

  23. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 3 Шілде, 2017 23:11 Жауап

    ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ билік басындағы қазақтар қосылып алып, орысша сайлап отырады, не деген масқара, қашан көш түзеледі, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ мемлекеттік тілін керек етпейтіндер қалай сондай лауазымды қызметке жетеді,өтеді. Қарапайым ел мен халық айта-айта шаршады, қорқыныш пен үрей де бар,себебі әдейі жасалып отырған сияқты. Біз билікпіз, қожамыз, не істегіміз келеді, соны істейміз деп, ойларына келгенін істеп жүр ғой, әйтпесе, 30 жылдың ішінде өздерін де, өзгені де өзгертетін кез болды ғой. Ендігі қазақ билігі қазаққа бет бұрып, АБАЙ МЕН МҰХТАРДЫҢ АНА ТІЛІНДЕ САЙРАМАҚ ТҮГЕЛ, африкандықтар білетін қазақ тілінің дәрежесіне де жете алмайды. Жер бетінде біздей сорлы халық жоқ шығар, өз тілін білмейтін, құрметтемейтін, білуге ұмтылмайтын………………………………………….

  24. Ауылдан 4 Шілде, 2017 14:40 Жауап

    Балык басынан шіриді. Казак казакпен казакша сөйлессин деген уакыты өтті халык казакша сойлейді, енди шенеуниктер жиналыстар мен депутатардан кутемиз казакша сөйлеуин

  25. Майра 4 Шілде, 2017 15:54 Жауап

    Сағынтаев үкімет басына келгенде қазақ тілінің бағы жанады ғой деп қуанып едім,енді үкімет отырысын көрсеткенде басқа каналға аудара саламын… Мүмкін бәріміз қол жинап, үкіметті сотқа береміз бе?

  26. тараздық 4 Шілде, 2017 17:20 Жауап

    сағынтайып қазақ-тілінде жақсы түсінеді және сөилеи алады қасындағы сатқындарға бола сөилеп отырған шығар

  27. QAZAQ Askerbek 4 Шілде, 2017 18:55 Жауап

    Билікке қазақ тілін білмейтіндер жіберілмеуі тиіс. «Өз ұлтын силамайтын ұлтты өзге ұлт силайды»- деп үміттенудің қажеті жоқ. 25 жылда кез келген бірнеше тілді жетік меңгеруге болады, қазіргі сылтаулар білімсіз надан жəне бөтен ойдағы мəңгүрттердің əңгімесі.

  28. Қолқоюсыз 5 Шілде, 2017 00:35 Жауап

    Мен СҚО М. Жұмабаев ауданы ХҚКО болдым прописка қойу ушін құжаттар ды орысша толдыруға тұра келеді қазақша образец жоқ сұрасам қазақша жоқ деген

  29. Абай.Б. 6 Шілде, 2017 08:45 Жауап

    Қазақша білмейтін ішкі істер министрі НЕН бастап ҚУЫ ЫМЫЗ ОРЫСША СӨЙЛЕП ТҰРҒАНДА ІШІМ ҚАН ЖЫЛАЙДЫ…

  30. Эльмира ханым 10 Шілде, 2017 00:02 Жауап

    Неге орган, ведомство деген создерди казакшага аудармаган? Укиметтегилер жана казак создерин ойлап тапканга уста еди гой?! Мемлекеттик тилди толыктай казакшага аудару керек жане балабакшаларды толык казакша ету керек, сонда гана орыс болсын, озге улт болсын балаларын кишкентайынан казак тилине уйрете алатындыктыра созсиз. Алдымен жеткиншектерге уйрету керек, ойткени олар биздин келешегимиз!

  31. Бек 10 Тамыз, 2017 11:12 Жауап

    Автор Қызық талқылаған екен Қазақ елі Басшылары Ресей тілінде сөилемегенде Қаи тілде сөилеиді Оны ол орынға Ресей емеспе тағаиындаған 89жылы Кремль дің қаулысымен отрған жоқпа Енді қаи тілде сөилеу керек Так Что Ол дұрыс істеп отыр Өін тағаиындаған Қожаиның тілінде сөилеп Қазақ тілінде сөилеткің келсе Басшыларыңды Өздерің Саилап ал Алдымен Анау Украина сияқты Сосын тала қои Саилаған Басшыңа Ал Кремль тағаиындаған Басшға Ол талабың жүрмеиді

Пікір немесе жауап жазу

11 + 17 =