Екі жасар ауру қызын көрге жатқызып өлімге дайындаған әке желіні дүрліктірді (ВИДЕО)

Қытайдағы Сычуань провинциясының тұрғыны айықпас дертке душар болған қызымен бірге оның болашақ қабіріне түсіп, күн сайын ойнайды екен.

Фермер Жан Линьг осындай ойын арқылы қызымның жер қойнауына үйрене бергені жөн, деп санайды екен, деп хабарлайды «Вести.Ru»-ға сілтеме жасап 365info.kz.

Бұл кісінің қызы талассемия деген кеселге шалдыққан. Гемоглобиннің жетіспеушілігінен қан айналымы қатты бұзылған. Фермер мен оның әйелі қызын емдету үшін 15 мың доллардан астам қаражат жұмсаған, бірақ одан еш қайыр болмапты.

Қызының бәрібір көп ұзамай өлетініне мойынсұнған жігіт қызына қабір қазып беріп, бос уақытын қызымен бірге қабір ішінде өткізеді екен.

Линьг қызымен шұңқырда жатып, жанында фермердің жүкті әйелі жылап отырған аянышты видео қытайдағы әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірген.