13 жылға сотталған Қайрат Жамалиев тамызда бостандыққа шығады

Картинки по запросу дело алиби

Осыдан бірнеше жыл бұрын сүйіктісін қызғанған кәсіпкер Қайрат Жамалиев жас жігіт Әліби Жұмағұловты аяусыз соққыға жығып ауыр қылмыс жасаған болатын. Сот үкімі бойынша 13 жылға сотталған, дегенмен, қылмыскер Жамалиев осы жылдың тамыз айында бостандыққа шығатыны белгілі болды деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

Осыған байланысты белгілі заңгер Джохар Утекбаев өз пікірін білдірген болатын.

Джохар Утекбаев:

«Жоғарғы сот өкілдері кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қылмыстық мерзім уақытын ақырындап 13 жылдан 6 жылға қысқартты.

Естеріңізде болса, Жамалиевті Астана қаласында жас жігіт Әліби Жұмағұловты еріксіз қамауда ұстап, аяусыз күш көрсеткені үшін шығарылған шешім бойынша соттаған болатын. Кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің ауыр қылмысқа баруына азаматша Айнұр Исинаға деген қызғанышы себеп болған.

Мені заң алдындағы азаматтардың теңсіздігі алаңдатады.

Ең сорақысы - жоғарғы сот өкілдері БҰҰ-ның халықаралық азаматтық және саясы құқықтар бойынша жасалған шешімін бұзып, қылмыстық әрекетке баруы. Ол қоғам алдында мойындалған шешімді аяққа таптап отыр. Қылмыстық іс Сот процессі кезінде кәсіпкер Қайрат Жұмалиевтің атымен жүргізілмеген. Кассациялық қаулы жасырын түрде жасалынған. Жұмалиевке қатысты жұмыс жүргізген сот өкілдері бізге анық емес.

Тек баяндаушы сот Дәулиев Ержан ғана белгілі. Жоғарғы сот Жамалиевке қатысты ақтап шығарылған үкімнің себептерін қоғамға жариялауға тиіс. Ең қызығы – кассацияға қатысқан Бас прокуратураның әрекеті. Олар Жамалиевтің өтініш-хатына келісімін беріп отыр».