Қамалған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің атынан мәлімдеме жасады

1908
7
Бөлісу:

Картинки по запросу джамиля аимбетова

Белгілі бизнесмен, спортшы Мұратхан Тоқмәдидің жұбайы – журналист, кәсіпкер Жәмила Айымбетова-Тоқмәди әлеуметтік желіде күйеуінің атынан мәлімдеме жасады. Мұнда ол өзін де, күйеуін де қоғам қайраткері деп көрсеткен.

Бұл туралы Caravan.kz Жәмила Айымбетова-Тоқмәдидің Фейсбуктегі парақшасына жариялаған жазбасына сүйеніп хабарлады.

«Күйеуіме оның бұрынғы серіктесі Непропекин Сергей Анатольевичтің арызы бойынша айып тағылыпы отыр. Олар 2003 жылы «ҚазШыныҚұрылыс» компаниясын құрған еді. Бірақ екі жылдан кейін оның (Непропекиннің – ред.) үлесін күйеуім сатып алды. Мұны растайтын құжаттар бар. Олар жақын уақыттарға дейін араласып та жүрді. Алайда бұл азамат өз арызында жұбайымның оны бірлескен бизнестегі үлесін сатуға мәжбүрлегенін айтыпты… Мен күйеуімді 20 жылдан бері білемін. Сондықтан Мұратхан Тоқмәдидің осыдан 14 жыл бұрын Сергей Непропекиннің ешқандай да үлесін күштеп тартып алмағанын растай аламын» дейді Жәмила.

Сондай-ақ, ол енді Мұратхан Тоқмәдиге қатысты істің заң шеңберінде жүретініне, отбасы мен жұбайының құқықтарының бұзылуына ел билігінің жол бермейтініне үміттенетінін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда «Семрюжком» және «ҚазШыныҚұрылыс» ЖШС-ларының тең құрылтайшысын бопсалады деген күдікпен ұсталған болатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. ақтаулық 21 Маусым, 2017 15:09 Жауап

    неге осы мәсімов келгенлі ұұқ жапай тек қазақтың балдары ұсталып жатыр осы ұұқ жүректері қазағым деп соқып тұрған ұл-қыздар барма осы ұсталып жатқан адамдардың ақ-қарасын ажыратып отырған немесе сатқындарма қазақтың балдарын құртыу үшін отырған дым түсініксіз болып баратыр мына ұсталып жатқан балдардың

  2. Акмарал 21 Маусым, 2017 15:34 Жауап

    Ия бизнес ашуда коркынышты болды.сонла бизнести ашасын биреу сени кылмыскер етед.битти.пиво завод директоры кылмыскер екен неге онын заводын мемлектке тапсырмады

  3. Жұбаныш 21 Маусым, 2017 19:38 Жауап

    Менің түсінгенім пайдалы бизнес тек қана бір отбасына тиесілі болуы керек жəне ондай жобаларды құруға ол отбасының ешбіреуі қабылетсіз тек біреудің пайдалы бизнесін тартып алу ғана қолдарынан келеді жəне ол жайлы біздің проститутка ақпарат көздері жағдайдың терісін айналдырып айтуға сондай дəрежеде машықтанып алған.

Пікір немесе жауап жазу

15 + екі =