Өскемен көшелеріне ұлттық рух келді

Өскемен көшелеріне ұлттық рух келді

Қала көшелеріндегі тұрмыстық техникалар мен интернет жылдамдықтарын жарнамалаған байланыс операторларының баннерлері түгел алынды. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Өскеменнің ең үлкен даңғылдарымен жүре қалсаңыз, биікте «Ұлттық рух» «Отан неден басталады?», «Сүйікті өлкем» тақырыбындағы ақпараттық-визуалды баннерлер менмұндалап тұр.

Өскемен көшелеріне ұлттық рух келді

Нақтырақ айтқанда, суреттер Сəтпаев даңғылы мен Жеңіс даңғылының бойына, сондай Абай және Әуезов даңғылдарына ілінген.

Өскемен көшелеріне ұлттық рух келді

- Қала әкімі Қуат Тұмабаевтың тапсырмасымен Өскемен қаласының басты күре-тамыр жолдары болып саналатын Абай, Әуезов, Сәтпаев және Жеңіс даңғылдарының бойына ұлттық құндылықтар мен қатар аймағымыздың сұлу табиғатын, жалпы ұлттық рухты насихаттайтын баннерлер ілінді, - деді қала әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсем Қайратбекқызы.

Өскемен көшелеріне ұлттық рух келді