Орыстармен ҚАЗАҚША сөйлескен Қайраттан қаптаған министрлер үлгі алуы керек

15427
45
Бөлісу:

Похожее изображение

Қазақ шоу-бизнесінің жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың «МузТВ — 2017» жобасына шақырту алып, орыс тілшілерінің сұрақтарына жауап бере алмай мүдіргенін кейбіреулер ұятқа балап жатыр. Қайраттың орыс тілінде сүріне сөйлегені мені қатты қуантты. Себебі, бұл еліміздегі орыс тілін білмейтін һәм сол білмегенін ұят санайтын миллиондаған жастың еңсесін көтеретін оқиға болды. Енді Қайрат білмеген тілді, қазақтың білмей-ақ қоюына құқығы бар. 

Орысшадан мүдіруге, мүмкіндік болса сүрінуге себеп іздейтін кез келді.

Құл – қожайынның тілімен сөйлейді.

Қазақстанда қожайын кім? Осы сұраққа Қайрат өз әлетінше жауап берді. Демек, енді Қайратты ресми тілде шүлдірлейтіндер мазаламайды деген сөз. Мазалағанның өзінде қазақша тілін сындырып келуге мәжбүр болады.

Бұл – ұялатын емес, қуанатын нәрсе. Егер де осыдан алпыс жыл бұрын Ермек Серкебаев орыс тілін білмей жатса, ол оның кемшілігі саналатын. Қазір орыс тілі – модада емес. Оның тіліне, мәдениетіне деген тәуелділігіміз жоқ. Қайрат еліміз тәуелсіздік алған жылдары өмірге келіп, бодандықтың не екенін білмей өскен азамат. Оны талай жерде дәлелдеп жүр.

Осыдан бір-екі жыл бұрын Омбыға барып: «Бұл – қазақтың қаласы» деп жар салғанын бүкіл ел біледі. Осындай үлкен жүректі баламыздың орыс тілін жетік білмеуі заңдылық болса керек.

Тәуелсіздіктің бір жемісін Қайрат үзіп берді. Енді осындай жемістер көбейе түссе екен.

Қайрат – осы елдің Қожасы. Оның аты – Қайрат-Қожа!

Бекең, Бердібек Соқпақбаев повестінің атын «Менің атым Қожа» деп қоюының астарында «осы елдің Қожасы мына сотқар бала» деген ой жатқанын айтады зерттеушілер. Сол Қожаңыз – Қайрат емес пе?

Ресми тілді білмей-ақ, мың жаса, бауырым!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 45 пікір жазылған

  1. Руза 15 Маусым, 2017 15:41 Жауап

    Керемет деймін! Видеосы да болсағой. Белгілі, өнер адамы болмасам да, ізбасарым деп мақтанып қояйыншы)

  2. Қазыбек 15 Маусым, 2017 17:21 Жауап

    Қожайынның тілінде сөйлейтін құл емес Қайраттың Тек Қазақ тілінде сөйлейтінін бәріне үлгі ету керек!

  3. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017 17:49 Жауап

    Қожа – Қайрат мектепте қандай оқушы болды, сабақ үлгерімі, тәртібі қандай болды..

  4. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017 17:54 Жауап

    » бақытты болып тіршілік ету үшін ғылым, өнер, орысша тіл керек».. Мұхамеджан Сералин.

    • Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017 10:32 Жауап

      Айтып отырғаныңыз , өткен ғасырдың әңгімесі.Дүние жүзі түгіл, кешегі кеңестен ыдырағандардың өзі, орыс тілін қажет етіп отырған жоқ.Халық аралық тіл-АҒЫЛШЫН.Дүниенің қай бұрышына барсаңыз, ағылшынша түсінісесіз.

  5. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017 19:35 Жауап

    » халықаралық тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші халықты біліседі» Расул Гамзатов.

  6. Айнур 15 Маусым, 2017 20:01 Жауап

    Патриот болса неге қазақша сөйлемейді.мүдіріп сөйлегеніде мақтанышпа.шын жаны ашыса қазақша сөйлер еді жəне анабіреу нюша деген бəлені елге кіргізіп жалаңбұт тайраңдатып қоймас еді.ресейде бұны кім тыңдар дейсің.

  7. Серик 15 Маусым, 2017 20:27 Жауап

    Кайраттын сауатсыздыгын патриоттык сезиммен шатастырманыздар.Нагиевтын не айтканын Кайрат мангурт тусинген де жок.Орысша турмак казакша жауап бере алмады мынкылдап.Улт патриотымын деген казак билимимен, тилимен такылдап , мине казак деген осындай деп турады.Мангурттигин корсетти.Позорды шашып.Орысша турмак казакша сойлей алмайды гой мангурт.Ол мактаныш емес.

    • Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017 10:36 Жауап

      Секе толық келісемін, бұл жерде он выглядел больше мангуртом, чем патриотом.

    • Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017 10:39 Жауап

      Анасы Гүлзира ханымды орысша былай қойып, қазақша екі сөздің басын қосып сөйлей алмайды. Ақша бар, уровень жоқ, таза мəңгүрттер.

    • СерикАстана 18 Маусым, 2017 11:13 Жауап

      секе нагыз мангурт озин екенск ин * Каираттын жогары жактан корингенин коре алмаи турсын гои каиран намыссыз шала казагым аи Каират жараисын осындаилардын ишине туз куиа бер с/м

  8. Қолқоюсыз 15 Маусым, 2017 20:34 Жауап

    Ондай сұрақ-жауапқа алдын-ала репитиция жасап дайындалмайма?пиар менеджерлері қайда.

  9. пахтакор 15 Маусым, 2017 20:52 Жауап

    димашка уксап каиратын рессеидеги фанаттары туркистандагы окыган мектепин коруге агылып келсе керек деп умиттенип калам.

  10. Нұрсұлу 15 Маусым, 2017 23:10 Жауап

    Қаират орысша соилеиалмаса не болыпты қаи орысты көрдіңдер қазақыстанға келіп қазақша сөилеп тұрғанын мүлде орысша сөилемеу керек еді .Қаират орысша сөилеиалмады деп сөккенше бір ауыз қазсқша сөз білмеитін қазақтарға аитыңдар ақылдарың тасып баражатса

  11. жан 16 Маусым, 2017 00:46 Жауап

    каират бауырым мын жаса ата ананнын адал тарбиесиго осындаи дарежеге жеткенин тек кана алга биз сени колдаимыз жана озеннен адаилармыз

  12. дос 16 Маусым, 2017 02:58 Жауап

    Орысшаны білу талабы келмеске аттанған көрініс – Қайрат-қожа. Бұдан былай сауаттылық Ана тілімізде болсын!

  13. Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017 10:33 Жауап

    Орыс тілін, немесе басқа тілді білу міндет емес шығар, бірақ мақтанатын нәрсе емес. Тіл біліп, солардың тілінде өздерін сүріндіріп жатса нұр үстіне нұр емес пе?!

    • Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017 18:20 Жауап

      Солайы-солай,олардың өзінен асып түспесең саған шекесінен қарайды.сондықтанда оқу керек,қанша тіл білсеңде артық емес,қайта жан-дүниеңде сонша терең болады.

  14. Қолқоюсыз 16 Маусым, 2017 10:37 Жауап

    Мемлекетіміздің болашағы- ҚАЗАҚ тілінде.Қайрат, біз сені жақсы көреміз.Сен барлық жағынан да, ҮЛГІСІҢ!!!

  15. Лəззат 16 Маусым, 2017 17:15 Жауап

    Қайрат нағыз еркектік мінез көрсеттің Жарайсың! Ал тілге келсек Қазақ міндетті емес өзге тілді білуге себебі – тəуелсіз мемлекет. Өзіндік орны бар тəуелсіз Ел. Бұл тіл жайлы оқыған кəсіби маман аудармашылардың жұмысы əрі қарай…Ал Қайратқа келсек ол тек қазақи қонақжайлы жайдары мінезімен барынша тырысты, Жарайсың Қайрат. Ол өмірде өнер адамы ол аудармашы емес жəне өзге тілді білуге міндеттіде емес. Қайратты бұлай мазақ қылуға хақымыз жоқ оны сыйлағанымыз жөн. Əр бір қазақ өз елінде өз тілімен еркін, бақытты өмір сүру керек! Абай атамыз айтқандай «сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» Қайрат ол əнші яғни осы жолмен тапты.

  16. Шынар 16 Маусым, 2017 23:49 Жауап

    Өте дұрыс істеген. Қазақстанға кеп қайсы бірі біздің тілде сұқпат беріп жатр.

  17. Қазақ 17 Маусым, 2017 10:34 Жауап

    Қазақ десең өзіңе келеді. Қайрат көтерілсе өзінің арқасы, анасының арқасы. Орысша білмегенде тұрған ештеңе жоқ, білудің де қажеті жоқ, қазақша сөйлеп, қазақша айтып, қазақ жерінде көтерілді.

  18. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017 13:17 Жауап

    дұрыс. орысша білмегенде тұрған ештеңе жоқ, білудің қажеті жоқ. тіпті қазақша айтпаса да болады. қазақ қазақты көтереді, қазаққа бәрі жарасады.

  19. Қолқоюсыз 17 Маусым, 2017 13:22 Жауап

    Аңқау.бала кезден орысшаңды қақпайтұғын кездерде скийді қосып,кез келген сөзге,сөйлеп,түсінісе беретінбіз.солай да солай,орысшаны білгенский.

  20. Оқырман 17 Маусым, 2017 16:59 Жауап

    Пікірлерді оқып қазақтың ресеймен терезесі теңесіп келе жатқаны білінеді

  21. Гульшат 18 Маусым, 2017 11:38 Жауап

    Кайрат өз алдына дара туған тұлға не болыпты орысша білмейсің деп тыныштық жок казақтың бір туар азаматы!Осыдан 30жыл бұрын орысша сөйлей алмағандарға күлетін қазір басқаша не болыпты тусінбеймін .

    • Жанат 19 Маусым, 2017 12:12 Жауап

      Қайрат қайбір ұлтын сыйлап қазақша сөйлеп тұр дейсің, орысша білмегендіктен қазақша сөйлеп тұр.Кішкентай нəрсені дақпыртқа айналдыратын қазақтар!

  22. Амина 20 Маусым, 2017 13:12 Жауап

    Жарайсың Қайрат. Сенің барыңа шүкір. Аман бол. Тек алға алға.Ит үреді керуен көшеді.

  23. жанар 83 25 Маусым, 2017 18:32 Жауап

    Кайрат орысша сойлесин ,сойлемесин казакша сойлегенине рахмет. Оз елимизде орыс тилинде сойлеймиз бизде намыс деген жок. Каным караяды орысша сойлегендерге. Озге тилди билгенин озине жаксы-ау ,казак тилим калып барады. Оян казак, ана тилинди таптамандар

Пікір немесе жауап жазу

2 × 3 =