«Самұрық-Қазынада» тендердің бәрін жалғыз кәсіпкер ұтып отырған

1825
7
Бөлісу:

Похожее изображение

Еліміздегі ұлттық компанияларды жаппай тексеру күтіп тұр. Өйткені, «Самұрық Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» сынды холдингтерде жемқорлар саны күрт көбейіп кетіпті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

«Ұлттық компаниялардың тиімді дамуына жемқорлық кедергі болып отыр. Қылмыстық істер көбейді, биыл небары төрт айда 51 қылмыс тіркелген. Оның тең жартысы мемлекеттік сатып алуға байланысты», – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Яғни, ұлттық компаниялар мемлекеттік тендерді май шелпекке айналдырып алған. Холдингтегілер бюджеттің миллиардттарын қалаған кәсіпкерге береді де, қалғанын байқауға қатыстырмайды. Оларды тексеріп жатқан ешкім жоқ. Ал бизнесмендер: «ұлттық компаниялар тендерге қатысу үшін пара сұрайды» деп жиі шағымданды дейді Шпекбаев. Мысалы, «Самұрық-Қазынадағы» тендердің 94 пайызын жыл бойы жалғыз компания ұтып отырған. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы агенттік квазимемлекеттік сектордың қазына қаржысын қалай және қайда жұмсағанын жіті тексеруді және тендерді электронды жүйге көшірулі ұсынды. Сонымен қатар, байқау өткізетін қызметкерлерді екі жылда ауыстырып тұру қажет. Ал Қаржы министрлігі ұлттық холдингтерді тескеру үшін арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр.

«Жаңа құжатқа сай, біріншіден, Қаржы министрлігі «Самұрық Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» сынды ұлттық компанияларға тендер өткізудің біріңғай тәртібін белгілейді. Екіншіден, министрлік мемлекеттік сатып алудың қалай жүргізілгенін тексереді», – дейді ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры Сәбит Ахметов.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. астаналық 14 Маусым, 2017 11:34 Жауап

    Елімізде жемқорлық заңдастырылған. Біздің заңмен тендердің 94 пайызын жалғыз компания ұтып отыруы заң бұзушылық емес. Алматының аэропорты мен Экспода компот 1200 теңге болуы да заңды, оған ешқандай соттың өкімі жүрмейді. НИ дің 1 млн. пара алып қамалмауы да заңды….

  2. Жұбаныш 14 Маусым, 2017 20:01 Жауап

    Бұл СамұрықҚазына қорын Назарбаев халықтың ақшасыг тонау үшін ғана құрған болып шықты, неге десең қор жылды табысты аяқтағаны үшін басшылары пəлен миллионнан сыйақы алады да сонымен қатар қор банкрот болады осыны қалай түсінуге болады жəне ешкім де кіналы емес тек əркімнің қалтасына өзі барып.кіріп кеткен мемлекет қаражаты кінəлы болып шығады.
    Ал түсініп көр!

Пікір немесе жауап жазу

15 − сегіз =