Қазақты отарсыздандыру - Рухани жаңғырудың басты шарты

Картинки по запросу көк ту

Мемлекеттік тілдің мәртебесін заңмен бекіту мәселесі мәселе күйінде қалып қоймас үшін де, оған жанжақты тоқталып, себебі мен салдарына терең мән берілуі тиіс. Бұл жәйдің жартылай, жалпылама айтылып, жазылып келе жатқанына бірталай уақыт болды.

Осы басты мәселені, жалынды жастарымыз 1986 жылы қасиетті алаңда-ақ көтерген болатын. Тыңдамақ түгілі, "байтал тұрмақ, бас қайғы болып " кете барғаны баршаңызға аян. Желтоқсан оқиғасы орын алмаған жағдайда, қазіргі жағдайымыздың қаншалықты болары, бір Аллаға ғана аян. Алысқа бармай-ақ, төңірегімізге көз жүгіртсек, Сібірдің "алмазынан" айрылған (ата-тегі азиялық болғанымен, тілі мен тегі орыстанған) "буряттардың" бірі болып өмір сүріп жатар ма едік?..

Қоғамдық формация ауысып, еліміз егемендікке қол жеткізді дегенімізбен, әлгі "құлақтың" шұнтиып шыға беруінің басты себебі:

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын, дәл қазір, "Отарсыздандыру туралы" Заң жобасына орын таба алмай отырғандығымызда. Өкінішке орай, Сенат пен Мәжілісте жайғасқандардың құлақтары болғанымен, құлықтары жоқ.

Ал ол рухани жаңғыруымыздың басты, негізгі, қажетті де жеткілікті шарттары екенін, уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

...Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»:

Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар.

Әлихан Бөкейханов, Алаш қайраткері:

Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе?

Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы - ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп-дамиды, жеміс береді.

Мұстафа Шоқай, Алаш қайраткері:

Атамекеніміздің ұлттық құқығы жолында жүргізіп жатқан күресіміз, тіпті, кейде "демократияның шекарасын" аттап кеткен күннің өзінде ешкім бізді шовинизммен айыптауға қақысы жоқ.

Құрманғазы Рахметов, Фейсбук парақшасынан