ТҮГЕЛДЕН ТҮҢІЛДІК!

4214
15
Бөлісу:

Әнуарлардың әлі күнге қазақ тілін «жетімсіз тіл» деп түсінетін жетесіздігінің шегіне жете алмай шаршадық…

Қазақ тілін, мәртебесі Ата Заңда айшықталып тұрып жазылған мемлекеттік тілді кемсітетін, кемсіту былай тұрыпты, күллі депуттардың көзінше ашықтан-ашық қорлайтындардың қатарына тағы бір пенде қосылды. Есімі – Әнуар, сойы – Түгел. Қызметі – Республикалық адвокаттар алқасында. Лауазымы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы. «Ов»-ты фамилиясынан «отап» тастағанына қарап осы бір азаматқа ішіміз жылып, бүйрегіміз бұрып жүруші еді. Сөйтсек, Әнекеңнің мемлекетшілідігі әншейін ғана бірдеңе көрінеді. Егер ол шын патриот, отаншыл, халықшыл азамат болса, Парламенттің Мәжілісінде «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында өткен үкімет сағатында депутаттың сұрағына жауап қайтара отырып  «Прошу ответиь на русском языке. Так будет доступней» демес еді. Алайда ол деді. Дегенде, депутат Сауытбек Әбдірахмановқа солай айтты. Адвокаттар алқасының төрағасы әлгіндей деп шалқайған соң оған депутат былай деп кейістігін білдірді:

«Менің сұрағым тілек түрінде болады. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгелге. Депутаттың сұрағына жауап қайтара отырып сіз «Прошу ответиь на русском языке. Так будет доступней» дедіңіз. Бұл сөзіңізді қалай түсінуге болады? Депутат Магеррамовтың сұрағына жауап қайтарған кезде де солай сөйледіңіз. Сонда сіздің пікіріңізше, жауапты қазақ тілінде қайтарғанда ойды «доступно» жеткізудің мүмкіндігі жоқ па? Қазақ тілін кемсітіп сөйлемеуді сұраймын».

Қысқасы, Түгелден түңілдік. Әнуарлардың әлі күнге қазақ тілін «жетімсіз тіл» деп түсінетін жетесіз ойлары мен түнек басқан саналарының шегіне жете алмай шаршадық. Халқым-ау, айтыңдаршы, бұларға енді не деуге болады?

Әділжан Қырымжан

Abai.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. 123 10 Маусым, 2017 11:34 Жауап

    русша сөйлейтіндер -қалмақтар-қалмақ қаны бойында болған адам қазақшамен қаны қас болады,
    соны түсінетін уақыт жетті ғой.

  2. Қолқоюсыз 10 Маусым, 2017 12:48 Жауап

    Өзінің туған халқының тілін, ақымақ адам ғана білмейді.Мұндайларды жұмыстан қуу керек, сонда тезірек үйренеді.

  3. Қазыбек Иса 10 Маусым, 2017 23:37 Жауап

    Сауытбек ағаға рахмет, қазақ тілінің мүддесі үшін араша түскен! Мемлекеттік тілдің мүддесі үшін мемлекетшіл депутаттардың бәрі де Түгелдің миын түгелдеп, есін кіргізу керек еді…

  4. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 10 Маусым, 2017 23:52 Жауап

    Сауытбек мырза, ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЕЛЕКЕТТІК ТІЛІН қор қылғандарды орнына қойып, осындайларды тайрандатпай, ана тілімізге заңды түрде орынды мәртебесін берер кез келгені қашан. сол заң қабылданғаннан соң келесі күні осындайлар тілді білетінін еске түсіріп, басқаша сайрайды……….

  5. Қазыбек Иса 11 Маусым, 2017 00:55 Жауап

    Ана тілі – Қазақ тілі -Мемлекеттік тіл ТҮГЕЛГЕ ТҮГЕЛ «доступнее» болмаса, жетесіне жетпесе, жетесіздігінен көрсін, оған ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ-МЕМЛЕКТТІК ТІЛДІҢ НЕ КІНӘСІ БАР?

  6. Қазыбек Иса 11 Маусым, 2017 00:57 Жауап

    Заңгеріміз заңды білмесе, қорғаушымыз заңды мемлекеттік тілді қорғаушы емес, қорлаушы болса, жетіскен екенбіз?

  7. Тура Би 11 Маусым, 2017 01:30 Жауап

    Есектер билеген ел онбас?! Калмактан туткынга тускен иттердин тукымы гой бул тугелин….

    • Қолқоюсыз 11 Маусым, 2017 11:10 Жауап

      Ол кімдер сонда,ел басқарып отырған,атап жаз.солардың нанын жеп отырсың ғой.әлде елбасынан қорқып тұрсыңба?

  8. Ауылдан 11 Маусым, 2017 17:29 Жауап

    Шорым-порым, ұсақ- түйектер ғой, ірі, кесек адам болса олай жасамас еді. Содан-ақ белгілі ғой.

Пікір немесе жауап жазу

бес × 5 =