АЛАШТЫҢ АРЫСЫ АҚТӨБЕГЕ БӨТЕН БЕ ЕДІ?

1249
2
Бөлісу:

Ақтөбеде жаңа көшеге алаштың арысы Мұстафа Шоқайдың аты беріліп, жаңа тұрғын үйдің қабырғасына суреті қашалады дегенге тұрғындар кəдімгідей марқайып қалған. Кеше əлеуметтік желілердің бірінен мына суретті көріп, басыма біреу су құйып жібергендей болды. Мұстафа бабамның əп-əдемі бейнесін əкім қаралардың бірінің бұйрығымен қайта бояп, көзден бұлбұл ұшырған.

Ел ішіндегі ұзынқұлақ «ол фашистермен ауыз жаласқан» деген желеумен өшірілді деседі. Ау, ақтөбелік атқамінерлер! Мұстафа сіздерге Гитлер емес қой суретін өшіретін!

Бұл жерде Алашым деп азапты ғұмыр кешкен Мұстафа Шоқайдың суреті болған. Оны өшірген басқа емес, біз – намыссыз ұрпақ!

Сталинге де, Гитлерге де бас имеген, Алаштың алыбы,кешіре гөр бізді!

Арман Сқабылұлы,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 7 Маусым, 2017 14:58 Жауап

    Сендер Ақтөбеге неге көбірек тиісіп кеттіңдер. Шымкенттің қылмысын тиып алыңдар

Пікір немесе жауап жазу