РИКА ТІЛШІСІ Л. САКИЕВАНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА БЕРІЛУІ ТИІС

5168
10
Бөлісу:

ҚР Бас  Прокурорының назарына

Ақтөбедегі РИКА ақпарат кеңістігі мен бизнес желілерін ұстап отырған медиа топтың тілшісі Ляззат Сакиева тарапынан «өзінің қызметтік сұхбаты аясында» (ҚР қылмыстық Кодексінің 141 бабының 2 тармағы), қазақ азаматы Фархад Досмұратовтың «тегіне, нәсіліне, ұлтына қарай кемсітушілік» (ҚР-сы Конституциясының 14-бап, 2-тармақ), және «бүтін бір халықтың ар-намысына тиетін» ауыр сөздер айтқаны және «нәсілдік, ұлттық астамшылықты» уағыздайтын «дискриминация» мәселесін көтергені үшін тілшінің үстінен құқықтық шара алынуы тиіс. Бұл жөнінде соңғы күндері БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде көп жазылды.

Ұлттық мүдде, ұлттық намыстан биік тұратын ешқандай мұрат жоқ. Саяси тұрғыдан алғанда тілші Ляззат Сакиеваның   ісі жүгенсіздік, азаматтық намысымызды қорлау. Сондай-ақ, Ляззаттың сөзінде Қазақстан халықтарының татулығы мен бірлігіне, ынтымақта өмір сүруіне сына қағатын қарекет барына назар аудару қажет деп есептеймін.

Мұны аяқсыз қалдыруға болмайды.  Көпшіліктің бұл наразылығы ҚР Бас  Прокурорының, Ақтөбе облыстық прокурорының назарына алынуы тиіс.

Осы мәселеге байланысты Мәлімдеймін:

1. Рика телеарнасы ФАКТ бағдарламасының жүргізушісі, тілшісі Ляззат Сакиеваның «астамшылық» әрекетіне байланысты – қоғам белсенділерінің қатысуымен «арнайы комиссия» құрылсын. Комиссия құрамына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, заңгерлер, облыстық ішкі саясат басқармасы және жергілікті «Ұлттар ассамблеясындағы» диаспора өкілдері де тартылсын.

2. ҚР азаматы ретінде оны жауапкершілікке тартып, оның іс-әрекетіне ҚР-сының «әкімшілік, қылмыстық кодексі» тұрғысынан құқықтық баға берілетін болсын.

3. Комиссия қорытындысының көшірмесі жергілікті қоғамдық ұйымдар мен Ақтөбе облыстық Әкімі мен Прокуратурасына жіберілсін.

4. Алдағы уақытта мұндай «астамшылықты» қайталамау үшін комиссия жұмысының нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жария етілсін.

Нұрлыбай ҚОШАМАНҰЛЫ, ҚР Журналистер Одағының мүшесі: 

 Ақтөбе қаласы.

04.06.2017.

Qazaquni.kz

“ОРЫСШАЛАП ӨЗІҢ АЙТ” – Елбасының орысша сөйлеуді сұраған тілшіге айтқан жауабы (ВИДЕО)

Мемлекеттік тілде сөйлеген адамды НАЦИСТ деп жала жапқан тілші жауап беруі тиіс!

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Нұрлан Сәдір 5 Маусым, 2017 01:05 Жауап

    Прокурор тілшіге дәл баға берсін!
    Келесіде таймастай таға берсін
    «Шаңыраққа қарайтын» ес болмаса
    Елден кетіп, сол жақта лаға берсін!

  2. Қолқоюсыз 5 Маусым, 2017 01:27 Жауап

    Сакиеваға өзінің ұяты керек. Ол Фархадқа айтыпты орысша айтсай , орысша бағыттағы адамдар түсінбейді деп, Лаззат сен ойлашы Қазақ Еліндегі тұрып жатқан орыстардан басқа (ұйғырың,өзбегің, тағы басқалары) ұлттар Қазақша сөйлемек түгілі үйренуге талпынып жатқан біреуіде жоқ, сорлы Қазақтың ұлдары мен қыздары ағылшын, орыс, неміс,француз, қытай курстарының алдын тоздырып жүр, сорлы қазақ сөйтіп басқа тілдерді үйренемін деп сорлы болып өмірден өтіп кетеміз. Қазақтар неге сонша жалтақ, сорлысың, өз Тіліңді құрметтемесең ертең сол басқаға ҚҰЛ болсыңдар ақымақтар.Басқа ұлттарды Қазақша сөйлету керек, білсін қай мемлекетте тұрып жатқандарын. «Неге мен күйіп пісіп жатырмын, уже менде Қазақтардан көңілім қалуда, недеген ұлт ? «

  3. Оңтүстіктен Сәке 5 Маусым, 2017 12:16 Жауап

    Негізі комиссиясыз ақ сотталатын қатын ғой, Ата Заңда солай жазылған. Бірақ қытайға «қазақша сөйле» деген Мәшбектің ұлы осындай кезде соқыр әрі құлағы естімей қалатын зағип бола қалатыны жаға ұстатады

  4. Иса 17 Тамыз, 2017 02:06 Жауап

    Журналист көзі ашылмаған, надан екен, өйткені өз тілінде сөйлеген адам нацист емес, ол ұлтық патриот! Ал журналистке айтарым, бірінші «нацист» деген сөздін мағнасын біліп ал!

Пікір немесе жауап жазу

8 + 9 =