КООПЕРАТИВТЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

660
0
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысында 50 мың ұсақ шаруашылық мүшелерінен құралған 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әкімдікте өткен мәжілісте мәлім етті.

«Еліміздің Ауыл шаруашы­лығы, Әлеуметтік даму министр­лігі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы «Үш жақты» индикативті көрсет­кіш­тер жөнінде бекітілген іс-шаралар шеңберінде ағым­дағы жылға тағы да 75 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бұл мақсатқа 6,8 млрд. теңге қаражат бөлініп отыр», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Өңір басшысының айтуынша, фермерлерді несиелендіру үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2-ші бағытымен 3,2 млрд. теңге, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ 1,9 млрд.теңге, «Аг­рарлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1,3 млрд.теңге бөлінетін болады. Қазіргі таңда кооперативтер жанындағы 2 сүт қабылдау, 2 мал сою бекеттері 285 млн. теңге қаржыландырылған. Одан бөлек, 9 мал сою бекеті мен 12 сүт жинау бекетін құруға 757 млн. теңгеге құжаттар өткізіліп, комиссия қарауына өткізілген.
Айта кетейік, кооперативтер мақсаттарына сәйкес ірі ша­руашылық құрылымдары ретінде бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, қайта өңдеу кәсіпорындарына ши­кізат көзін дайындау бағытта­рында жұмыс істейді. Биыл өңірде осы жұмыстардың есебінен ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының орташа жүктелімін 60%-дан 70%-ға көтеру белгіленген. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларын пайдаланып, жеңілдетілген несие беру және субсидиялау жолдары арқылы 2017 жылы барлық бекітілген жоспарлар жыл аяғына дейін толық орындалады.
Биылғы жылдың 4 айында былтырғы жылмен салыстырғанда ет өндіру тірілей салмақта – 4,1, сүт – 1,9 жұмыртқа өндіру 6,9 пайызға көбейді. Есепті кезеңде мүйізді ірі қара бойынша мал басы өсімі – 5,5 пайыз, қой мен ешкі – 1,7 пайыз, жылқы – 18,7 түйе – 6,5 құс – 5,9 пайызға артты.
Мал шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдар­лама­лары бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 + 12 =