«Тәуелсіздік рәміздері» кітап-құжаттық көрмесі ашылды

Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына орай «Тәуелсіздік рәміздері» атты кітап-құжаттық көрме ашылды.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Көрменің басты мақсаты – жастарды мемлекеттік рәміздер саласында қызығушылығын және танымдылықтырын арттыру, Отанына деген патриоттық сезімін ояту, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және қадірлеуге шақыру.

Көрме үш бөлімнен тұрады: «Қасиетті көк байрағы елімнің», «Елтаңба – елдігімнің айшығы» және «Әнұран». Қазақстан тәуелсіздігіндегі мемлекеттік нышандардың жалпы тарихы, авторлардың өмірбаяндары туралы көрмеге 40 кітап қойылды. Олардың арасында «Государственные символы Республики Казахстан. Символы Независимости», А.Қайдардың «Қазақ қандай халық», Б.Аяғанның «Тәуелсіздік нышандары» , сонымен қатар тәуелсіз мемлекет, оның тарихи даму идеологиясының негізгі бағыттарын көрсететін басқа кітаптар да бар.

Көрме Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау, қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады және Мемлекеттік рәміздері күнінің негізгі идеясын ашады. Кітап жәрмеңкесінің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков, ақын Серік Тұрғынбекұлы, «Мемлекет тарихы институты» ММ директорының орынбасары Амангелді Қамшқымбаев, зиялы қауым өкілдері, кітапхананың оқырмандары және қала қонақтары қатысты.

Көрме жаңа материалдармен толықтырылып отырады және 10 тамызға дейін жалғасады.