ҚАЗЫҒҰРТТА ҚҰРҒАҚ СҮТ ПЕН САРЫ МАЙ ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

599
0
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында осы жылы майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіретін зауыт іске қосылмақшы. Аудандағы индустриалды аймақта салынып жатқан кәсіпорын биылғы жылдың күз айында іске қосылып, жиырмадан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтымақ.

Жоба құны 602,7 млн. теңге болатын кәсіпорын жылына 1500 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт пен 500 тонна сары май шығаратын болады.
«Асыл Бастау КZ» ЖШС-гі шикізатты аудандағы жанұялық сүт фермаларынан алуды жоспарласа, алдағы уақытта серіктестік өз тауарлы сүт фермасын ашуды көздеп отыр.
Қазығұрт ауданында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында жалпы 2,8 млрд. теңге болатын 8 жоба енгізілген. Бүгінде бұлардың ішінде индустриалды аймақта 5 жоба іске қосылса, қалған 3 жоба 2017-2018 жылдары іске асырылады деп жоспарлануда. Айта кетейік, облыстың аудан, қалаларында құрылған индустриалды аймақтарда 37 млрд. теңге болатын 66 жоба іске асырылып, 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

төрт × 2 =