ЭКСПО қарсаңында шенеуніктер ескі үйлерді плакаттармен жауып тастаған

Жарнамасы жер жарған ЭКСПО-ға бар-жоғы екі ақ апта қалғанда, шенеуніктер шетелдік қонақтардың алдында ұятқа қалмас үшін жанталасып жатыр. Қонақжай шенділер Елорданың әдемілігін туристерге паш ету үшін, Астананы қоқыстан тазартып, лас көшелерді қолмен жуып, ал қираудың алдында тұрған ескі үйлерді биік қоршаумен жауып тастаған. Көшеде полицейлер қаптап, бұрын-соңды болмаған орындықтар пайда болды.

Бұл туралы 31 арна тілшісі хабарлады.

Президент Астана әкімі Әсет Исекешевтің көзіне шұқып тұрып көрсеткен жерлер де қоқыстан тазартылып, лас көшелерді жұмысшылар қолмен жуып ағартуда. Зәулім ғимараттардың сыртын бояп, жыртық жерлерін тіпті ЭКСПО-ның белгісі бар плакаттармен жауып тастаған.