Астана - Қытайдың "автономиясы" ма?

[caption id="" align="aligncenter" width="669"]Картинки по запросу астана и китай Көрнекі сурет. Астанадағы Пекин-Палас қонақүйі[/caption]

Қытайды бағындырған Димашты өз елімізде де енді Қытайша құттықтайтын болдық па?

Кеше жас әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні болды. Соған орай Астанадағы Қазмедиа орталығы ғимаратының лэд-экранында "Димаш, туылған күнің құтты болсын!" деп жарқыратып құттықтау жазып қойды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.

Жазса дұрыс, әрине. Алайда, біздің сауатсыз "саңлақтар" артық қыламыз деп тыртық қылудан алдарына жан салмайды ғой, әттең. Димашты ҚАЗАҚ тілінде құттықтаса жетпес пе еді, жоқ, оны ең алдымен ҚЫТАЙ тілінде құттықтап сөз жазған.

Димаш Құдайберген

Біріншіден, қазақта "туылған күніңмен" деген сөз тіркесі жоқ, "туған күніңмен" деп жазылады.

Екіншіден, қазақ тілін білмейтін дүмшелер Мемлекеттік тіл туралы Заңды өрескел бұзып Астананың қақ ортасында Димашты ең алдымен Қытай тілінде құттықтады. Мемлекеттік тіл туралы Заңға сәйкес, құттықтау ең алдымен ҚАЗАҚ тілінде, сосын ресми тілде болуы керек еді.

Қазақ елінде Димашты қытайша құттықтаудың қажеттілігі қанша екен жалпы? Әлде, Астана - Қытайдың бір "автономиясы" ма?

Қазмедиа орталығы орналасқан көшемен Қазақстанның барлық министрлері мен лауазымды шенеуніктері жұмысқа қатынайды. Құдай басқа салмасын, ертең сол лэд-экрандағы қытайшаны Мемлекеттік тілге миы жетпейтін министрлеріміздің бірі көріп қалып, ҮШ тілділікті ТӨРТ тілділік қылайық деп жүрмесе жарар еді...

"Қазақ үні" ұлттық порталы