Әзербайжан банкіне зейнетақы қаржысын Ұлттық банктің экс-қызметкерлері салған

Картинки по запросу данияр ақышев

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Әзербайжан халықаралық банкіне инвестицияланған 71,3 млд теңгеге қатысты жағдайды түсіндірді. Оның сөзінше, бұл қаржыны проблемалы банкке Ұлттық банктің бұрынғы қызметкерлері инвестициялаған.

"2014 жылдың қазан айындағы шешім бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Әзербайжан халықаралық банкінің ұзақ мерзімді құнды қағаздары 250 млн долларға сатып алынған. Құнды қағаздардың айналымда жүру мерзімі 8,25 жылдық пайызбен 10 жылды құрайды. Қағаздар жабық түрде арнайы офшорлы компания арқылы орналасытырлған, зейнетақы қаржысын жалғыз инвестициялаушы Ұлттық банк. Облигацияларды сатып алу туралы шешімді БЖЗҚ қызметкерлері емес, сол кезде Ұлттық банкте жұмыс істегендер қабылдаған", - деді Ақышев.

Бас банкирдің сөзінше, кеше Әзербайжан халықаралық банкі қарызды қайта құрылымдау бойынша кредиторларға үш нұсқаны ұсынған. Олар: үлкен қарыз, реттелген қарыз және сауданы қаржыландыру. Үлкен қарызға БЖЗҚ қаржысы кіреді және оны қайтарудың тағы 3 нұсқасы ұсынылған. Солардың бірі 250 млрд долларды Әзербайжан Республикасының құнды қағаздары түрінде 200 мың долларға ауыстыру. Қарызды жабу мерзімі 5,125 пайыз мөлшерлемемен 12 жылға дейін.

Айта кетйік, осыдан бір апта бұрын қазақстандық экономистер Әзербайжан халықараалық банкіне зейнетақы қорының 71,3 млрд теңгесі инвестицияланғаны туралы ақпарат тараған еді. Енді қазақстандықтар "салынған қаржы қайтпай қалуы мүмкін" деп қауіптеніп отыр. Дегенмен Әзербайжан билігі "қаражат қайтарылады" дейді.

The Qazaq Times