БІЗДІҢ ӨЗІМІЗДІҢ АФРИКАЛЫҚ БАЛЫҒЫМЫЗ БАР

711
1
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысының таулы ауданында жер бетінде сирек кездесетін Африка жайыны өсіріліп жатыр. Аптап ыстықта өмір сүретін балық бұлақ суында көбеюге бейімделген.

Түлкібас ауданының шаруалары Ресейден әкелінген балықты арнайы бассейндерде өсіруде. Бүгінде 100 мыңға жуық шабағы бар шаруашылықта балықтарға қажетті жағдайлардың бар­лығы жасалған. Мәселен, оларға арнайы жем дайындалып, қоректендіріледі. Сонымен қатар, судың температурасын бірқалыпты сақтау үшін бассейндерге арнайы жылу жүйесі орнатылған. Бір ғажабы ерекше күтіп бапталып өсірілген бір балықтың өзі 120 келіге дейін ет береді. Жерсініп өсіп келе жатқан бұл балық түрі көпшіліктің сұранысына ие. Африка жайынын Төле би ауданы мен Түркістан, Шымкент қаласының тұрғындары да сатып алып пайдалануда. Мұндағы шаруашылықтың негізгі мақсаты – шабақтарды қолдан көбейтіп, облыс халқын ерекше балық етімен қамтамасыз ету. Балық өсіруші бұл балық түрі жайлы мәліметті интернеттен оқып, тіпті Ресей балықшыларынан тәжірибе алмасқанын айтады. Алдағы уақытта шаруашылық мемлекеттен берілетін несиеге қол жеткізіп, жұмысын ары қарай ұлғайтуды көздеп отыр.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 20 Мамыр, 2017 21:06 Жауап

    мұның жемі де жойқын, адамды жұтады. етке қарқ болам деп өзіміз өңешіне кетіп қалмайық. сосын аздап африкалық қолтырауын жетпей тұрған жоқ па екен…

Пікір немесе жауап жазу

бір × 3 =