ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ – ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ КЕПІЛІ

2351
3
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе бастады. Аталған жүйенің артықшылығы – инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепіл зат бола алады.

«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвес­тициялық орталығының мамандары кооперативтерге ұсынылатын осы және өзге де жеңілдіктер туралы ақпарат беру үшін Шардара, Мақтаарал аудандарында көшпелі семинар кеңес өткізді. Шараның мақсаты – кооперативтерді несиелендіру бойынша жасалынған бағдарла­малардың мән-жайын түсіндіріп, қаржылай қолдау көрсету.
Семинарға Шардара ауданы әкімдігінің басшылық құрамы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, «ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті, «Ырыс» МҚҰ-ның ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры, кәсіпкерлерге қызмет көр­се­ту орталықтарының аймақтық өкілдері қатысып, шаруаларға кооперативті қалай ашу және оның жұмысын әрі қарай қалай жүргізу керектігі жөнінде түсініктеме берді.
«ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары А.Сауранбаевтың айтуынша, кооперативтер жабдықты лизингке алу арқылы оның ерекшелігіне қарай инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе алады. «Мұның артықшылығы – инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады», – дейді ол.
Кездесу барысында шаруалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандар арқылы нақты жауаптарын алды. Кезекті семинар Мақтаарал ауданында өтіп, кәсіпкерлік бөлімі, қаржы орталықтарының өкілдері қатысушыларға кооператив құрудың артықшылықтары, оны қаржыландыру, Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялардың көлемі жөнінде және коопертив­терді ашу механизмі жайында толық мәлімет берді.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 20 Мамыр, 2017 23:09 Жауап

    мәәәә ! ақша деген оңтүстікте екен ғой. мен ақша батыстан қай жаққа ауып кетті десем..

    • Ержан 21 Мамыр, 2017 08:44 Жауап

      Өзіңнің қазағың ғой енді.
      Орыспен қытайға да кетіп жатқан жоқпа сол ақшаларың

  2. Беибітгул 26 Шілде, 2019 01:05 Жауап

    Сәлеметсіз бе мен курак корпеше шымылдык орамал тігемін маган тігін машиналары жетиспейди акшаны калай алсам болады ипп бар озим жургізип отырмын 4жыл болды мангыстаудан

Пікір немесе жауап жазу

он екі + бес =