Қарауылда Құнанбай қажыға ескерткіш орнатылады

Қарауылда Құнанбай қажыға ескерткіш орнатылады

Қарауылда Құнанбай қажыға арналған ескерткіш орнату үшін арнайы қор құрылды. Аталмыш қорға абайлықтар шама-шарқы жеткенше қаржылай қолдау көрсетуде.

Аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің айтуынша, өткен жылы Досхан Жолжақсыновтың Құнанбай қажы туралы фильмі жарық көрген кезде халық әкімдікке Ұлы ақынның әкесіне арналған ескерткішті орнату жөнінде ұсыныс білдіріпті.

– Ағымдағы жылдың тамыз айында Құнанбай Өскенбайұлының ескерткішін аудан орталығының қақ төріне орнатуды жоспарлап отырмыз. Ескерткішті жасайтын мүсіншілер қазір жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Кейінгі жас ұрпақ киелі Абай жерінің тарихын біле жүрсін деген ниетпен аудан тұрғындарының бұл бастамасына қолдау білдіріп отырмыз, - дейді Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.

altaynews.kz