Кәсіпкер өз қаражатына ауылда емхана салды

1493
1
Бөлісу:

Қазталов ауданына жұмыс сапары барысында облыс басшысы Алтай Көлгінов Сарықұдық ауылына ат басын бұрды.

Жаңадан ашылған медициналық пунктке арнайы барып, жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл емхананың осы ауылдың төл перзенті Нұрлыбай Жолдыбаев өз қаражатына салған. Сондай-ақ бұл азамат ауылдағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіш тақтаны жаңартып, елдің алғысына бөленді.

Өңір басшысы Нұрлыбай Жолдыбаевтың туған ауылын көркейтудегі тағылымды еңбегіне алғысын айтып, тұрғындарға үлгі етті.

zhaikpress.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Боранбай Құдияров 21 Мамыр, 2017 08:14 Жауап

    Дүние дамуының үйлесімін қамтамасыз ететін төрт ұстыны бар,олар:біріншіден-ғылымды дамыту,ғылыммен шұғылданатын адамдардың қатарын көбейту,екіншіден-байлардың арасынан сақылардың,Атымтай-жомарттарының көбеюуі,үшіншіден-ел президентінің,оның қол қойған заңдарының әділдігін қамтамасыз етуі,төртіншіден-бұқара халық дұғасының болуы.Батыс Қазақстан облысынан шыққан кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаев бауырым осындағы сақы да атымтай-жомарттық жолын ұстанған азамат екен.Алла-тағаламыздан оған мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасына ынтымақ-бірлік пен аманшылық тілеймін.

Пікір немесе жауап жазу

16 − 1 =