Перуашев БЖЗҚ туралы: Халықтың ақшасын желге ұшырып жатыр

Бөлісу:

Картинки по запросу азат перуашев

«Ақ жол» фракциясы БЖЗҚ қаржысын қиындыққа ұрынған Әзірбайжан банкіне салғандарды жазаға тартуды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ақ жол» фракциясының мүшесі Азат Перуашев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа жолдаған сауалында, партияға тәуелсіз сарапшы Рахым Ошақбаев хабарласып, БЖЗҚ қаржысына құны 78 миллион теңге болатын Халықаралық Әзірбайжан банкінің облигациялары сатып алынғанын айтқан. Перуашев «Қазинвестбанктің» жұмыс істеу рұқсатының айырылуына байланысты БЖЗҚ-ның үш миллиард теңгесіне қатысты да сауал жолдағанын еске салды.

«Осындай жолмен БЖЗҚ басшылығы KASE-де бес миллиардқа шыққан жері белгісіз қауіпті құнды қағаз сатып алды. Бұл мысалдар азаматтардың зейнетақы жинағын жауапсыз пайдаланып, желге ұшырып жатқандығын көрсетеді. Ұлттық банк БЖЗҚ-ның басты міндеті инвестиция емес, сеніп тапсырылған қаржыны сақтау екенін айтқан. Ал енді не болып жатыр?», – дейді Перуашев.

Перуашев 2014 жылы БЖЗҚ Халықаралық ӘЗірбайжан банкіне қаржы құятын кезде «Халық банк» басшылығы шетелдік бнктің жағдайы сенімсіз деп бағалап, өз қаржысын шығарып алғанын еске салды.

«БЖЗҚ неге керісінше кетті? Бұл басшылықтың біліксіздігінен болды ма, әлде, басқа себеп бар ма? Оның үстіне, БЖЗҚ әлі де қаржысын сенімсіз банктерде сақтап келеді және қаржының ең үлкен бөлігін. 2016 жылы төмен В рейтингіндегі 161 миллиард теңге депозит құйылған, ал рейтингі ең жоғары банктерде – 79 миллиард, яғни, екі есе төмен. Ал еш рейтингі жоқ банктердің құнды қағаздарына 61 миллиард теңге салынған, ал ең жоғары ААА рейтингі бар банктерде – 983 миллион, яғни, 65 есе төмен», – деп қоса айтты ол.

«Қаржыны біле тұра қауіпке тігіп, дұрыс экономикаға салмайтын бұл қандай инвестициялық саясат? Мәселе Әзірбайжан банкінде ғана емес. Бұл біздің азаматтардың ақшасын желге ұшыру. Жеке бизнесте мұндай менеджерді басшылық қасақана банкроттыққа жеткізгені үшін баяғыда түрмеге қамайтын еді», – деп атап өтті депутат.

Перуашев БЖЗҚ қаржысын тексеріс жүргізіп, қауіпті банктердің орнына ұлттық экономикаға құюды ұсынды.  «Халық коммунистері» фракциясының өкілі Айқын Қоңыров үкімет басшысы мен Ұлттық банк басшысына сауал жолдады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. admin 17 Мамыр, 2017 17:09 Жауап

    Перуашев БЖЗҚ туралы: Халықтың ақшасын желге ұшырып жатыр

    «Ақ жол» фракциясы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» қаржысын қиындыққа ұрынған Әзірбайжан банкіне салғандарды жазаға тартуды ұсынды,
    «БЖЗҚ неге керісінше кетті? Бұл басшылықтың біліксіздігінен болды ма, әлде, басқа себеп бар ма? Оның үстіне, БЖЗҚ әлі де қаржысын сенімсіз банктерде сақтап келеді және қаржының ең үлкен бөлігін. 2016 жылы төмен В рейтингіндегі 161 миллиард теңге депозит құйылған, ал рейтингі ең жоғары банктерде – 79 миллиард, яғни, екі есе төмен. Ал еш рейтингі жоқ банктердің құнды қағаздарына 61 миллиард теңге салынған, ал ең жоғары ААА рейтингі бар банктерде – 983 миллион, яғни, 65 есе төмен», – деп қоса айтты ол.

    «Қаржыны біле тұра қауіпке тігіп, дұрыс экономикаға салмайтын бұл қандай инвестициялық саясат? Мәселе Әзірбайжан банкінде ғана емес. Бұл біздің азаматтардың ақшасын желге ұшыру. Жеке бизнесте мұндай менеджерді басшылық қасақана банкроттыққа жеткізгені үшін баяғыда түрмеге қамайтын еді», – деп атап өтті депутат.

    http://www.qazaquni.kz/2017/05/17/69441.html

  2. Мақсат Жақау 17 Мамыр, 2017 22:57 Жауап

    Халықтың өмір бойы жинаған ақшасын, ойсыз жұмсау, ақымақтық не сатқындық!

  3. Баке 18 Мамыр, 2017 09:09 Жауап

    Халықтың ақшасын, халықтың рұхсатынсыз жұмсау, шектен шыққандық! Шектен шыққандар жауап беруі керек! Азат мырза, бастаған істі аяқсыз қалдырмауыңыз керек!

    • Қолқоюсыз 18 Мамыр, 2017 10:01 Жауап

      Дүние жүзінде,осылайша,халықтың тірнектеп жиған зейнет ақы еңбегін өз мүдделеріне жұмсап,өз білгендерін істеп,қай жерге,кімдердің пайдасына кетіп жатқаны жеті қат жер асты құпия қылып,ешқандай қадағалаусыз,бақылаусыз желге ұшып жатқан ел барма екен?..Зейнет ақы қоры есебінен кімдер байып,пайда көруде?Қолдаушысы кім,ол кімге қарасты т.с.с.

Пікір немесе жауап жазу

2 × төрт =