Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары көрікті келбетімен елді тамсандырды

Құралай Нұрқаділова алғаш рет өзінің анасын көрсетті. Орамал тағып, намаз оқитын анасын көрген желі қолданушылары оның көрікті әйел екенін тілге тиек етіп, сұлулығына тәнті болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары көрікті келбетімен елді тамсандырды (фото) Суретке көп түсе бермейтін Нұрқаділовтің «бәйбішесі» қазақ әйелдеріне тән басына кимешек, үстіне камзол киіп алған. Оның өз жасына сай киінгеніне, әдемі болмысына қарап желі қолданушылары мақтау сөздеріне аямады.
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары көрікті келбетімен елді тамсандырды (фото) «Анамды суретке түсуге әзер көндірдім», – деп жазған Құралай суреттің анықтамасына.

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары көрікті келбетімен елді тамсандырды (фото)

«Неткен сұлу, қазір мынадай болса, жас кезінде қандай болды екен?», «Көрікті әйел екен анаңыз», «Жүзі жылыдан түңілме» деген. Анаңыздың жүзі жылы екен. Жақсы адам екені көрініп тұр», – деп жазды олар.