Шыңжаңда қуатты жер сілкінісінен 8 адам қаза тапты

Картинки по запросу жер сілкінісі алматы

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында қуатты жер сілкінісі тіркелді. Әзірге 8 адамның қайтыс болғаны белгілі деп хабарлайды RT.

Бұл туралы Sn.kz жазады.

Жерасты дүмпулері Қашқар округіндегі Ташқорған-Тәжік автономиялық уездінде жергілікті уақытпен сағат 05:58-де (Астана уақытымен 03:58) орын алған. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, бірнеше рет қайталанған дүмпулердің ең қуаттысының магнитудасы 5,5 балды құрапты. Ошағы жер бетіне жақын орналасқандықтан (8 шақырым тереңдікте) ғимараттар қирап қалды.

Әзірге 8 адамның қайтыс болғаны және 11 адамның жараланғаны белгілі. СУАР сейсмологиялық басқармасының мәліметінше, 200-ге жуық ғимарат бүлініп, біразы қирап қалған. Қазір оқиға орнына құтқарушылар жіберіліп, үйінділер астынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.