Елбасы Шымкенттегі «Gold Aluminum» жұмысымен танысты

574
1
Бөлісу:

Елбасымыз Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарының барысында Шымкент қаласындағы терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасайтын «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен де жете танысты.

Сондай-ақ, ақпараттық стэндтер мен экспозициялық үлгілерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспарлары жөнінде мәлімет алды. – Жеке өнді­ріс ашып, импортталатын тауар­лардың орнын басу – еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
2014 жылы Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпорын бүгінде өз өнімдерін таяу шетелдерге экспорттауда. «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016 жылы 750 тоннаға жуық алюминий бұ­йым­дарын шығаруға қол жет­кіз­ген. Компания қызмет­кер­ле­рімен әңгімелескен Мемлекет бас­шысы олардың ісіне табыс тіледі.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. толқын 6 Мамыр, 2017 18:50 Жауап

    Шымкенттіктер қай салада болсын алдығы қатардан көрінуден таймайды!!!

Пікір немесе жауап жазу

тоғыз − 1 =