І.Жансүгіровтің абақтыда түсірілген суреті мен төлқұжатының түпнұсқасы музейге тапсырылды

І.Жансүгіровтің абақтыда түсірілген суреті мен төлқұжатының түпнұсқасы музейге тапсырылды

Алаш қайраткері, ақын, сталиндік репрессиянығ құрбаны Ілияс Жансүгіровтің абақтыда түсірілген фотосы мен төлқұжатының түпнұсқасы Талдықорғанда Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырылды. Құнды жәдігерлер Алматы қалалық Ішкі істер департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінен алынған.

Бұл туралы  sn.kz порталы хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде дәстүрлі «Ілияс әлемі» атты студент жастардың республикалық фестивалі басталды.

Фестивальдің басты мақсаты – жастардың өнері мен білімін бағалау және Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы насихаттау. Бұл жолғы байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық студент ақын өміріне қатысты баяндама дайындап әкеліпті. Бірінші кезеңнен жақсы нәтиже көрсеткен үміткер екінші кезеңде Ілияс Жансүгіров өлеңдерін жатқа оқудан бақ сынайды. Бағы мен бабы қатар шапқан қатысушыға бағалы сыйлық пен І.Жансүгіров атындағы арнайы диплом табысталмақ.

Жалпы, Алматы облысында ақынның атын нсихаттау мақсатындағы шаралар легі мұнымен бітіп қалмайды. Бұған дейін, І.Жансүгіров атындағы әдеби музей қызметкерлері ұйымдастырған ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты жәдігерлерден құралған «Ілияс Жансүгіровтің рухани әлемі» атты жылжымалы көрмесі республикамыздың әр аймағын аралап келген болатын. Бүгінгі фестиваль осы көрмені де қорытындылап отыр.