Шекара қызметі Мемлекеттік тілді менсінбей ме?

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметі мемлекеттік тілді менсінбейтін секілді. Мекеменің ресми сайтында қазақ тілі парақшасы бола тұра, тек орыс тілінде ақпарат жарияланады.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Фейсбук желісінің қолданушысы Ержан Жаубай өзінің парақшасында бұл олқылық туралы жазып, сайттың суреттерін де жариялаған.

- ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайты кімді жынды қылғылары келеді? Олар МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ мен орыс тілін ажырата алмайтындай деңгейге жеткен бе? Екі айға таяу уақыттан бері сайттың қазақ тіліндегі ақпараттары орысшасымен бірдей. Аударылмайды. Әлде, Шекара қызметі үшін Мемлекеттік тіл деген болмай ма? - деп жазды Е. Жаубай.

Тіл туралы заңды бұзып, мемлекеттік тілдің қордалануына жол берген Шекара қызметінің басшысы Ділманов Дархан Айтқалиұлы бұл мәселеге қатысты ресми түрде жауап беру қажет.