Шекара қызметі Мемлекеттік тілді менсінбей ме?

1836
6
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметі мемлекеттік тілді менсінбейтін секілді. Мекеменің ресми сайтында қазақ тілі парақшасы бола тұра, тек орыс тілінде ақпарат жарияланады.

Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.

Фейсбук желісінің қолданушысы Ержан Жаубай өзінің парақшасында бұл олқылық туралы жазып, сайттың суреттерін де жариялаған.

– ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайты кімді жынды қылғылары келеді? Олар МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ мен орыс тілін ажырата алмайтындай деңгейге жеткен бе? Екі айға таяу уақыттан бері сайттың қазақ тіліндегі ақпараттары орысшасымен бірдей. Аударылмайды. Әлде, Шекара қызметі үшін Мемлекеттік тіл деген болмай ма? – деп жазды Е. Жаубай.

Тіл туралы заңды бұзып, мемлекеттік тілдің қордалануына жол берген Шекара қызметінің басшысы Ділманов Дархан Айтқалиұлы бұл мәселеге қатысты ресми түрде жауап беру қажет.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 29 Сәуір, 2017 16:54 Жауап

    Себебі оларға жоғарғы жақтан сондай үкім берілген, не деген сұмдық Қазақ Елінің ҰҚК, Қарулы күштері, ІІМ, барлығының қызметкерлері теледидардан орысша сөйлейді-олар ойлайды Қазақ тілі жәй әншейін ауылда, не үйде сөйлейтін тіл, ал орыс тілі ол үлкен мәдинет тілі Қазақтың көзін ашқан деп. Жақында Қорғаныс министрі Парламант алдында тек орысша баяндама жасады. Қазіргі кезде сол пагон таққандар Қазақша сөйлеуге намыстанып -орысша сөйлеп өздерінше крутой болады. Олар неге түсінбейді-ертең Ресейдің құлы боласыңдар.

  2. Бақытбек 1 Мамыр, 2017 21:36 Жауап

    Ана тілін құрметтемеген басшы Отанына беріліп қызмет ете де қоймас Мәнсап пен ақша үшін ғана жүрген жандар.

  3. Қолқоюсыз 2 Мамыр, 2017 16:09 Жауап

    Басқарып отырған кісі Қазақша сөйлемесе, қол астындағы жағымпаздар қайдан сөйлесін.

Пікір немесе жауап жазу

5 × 3 =