Өскеменде полицейлер мен оқушылар ағаш көшеттерін отырғызды

Өскеменде полиция қызметкерлері, ІІО ардагерлері мен оқушылар облыс орталығындағы 19-шы шағын ауданында жаңа жаяу жүргінші аллеясында 250 ағаш көшетін отырғызды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жаңа аллея Қазақстан полициясының құрылуына 25 жыл толу мерекесіне орай өсетін болады.

Ішкі істер органдары мен жастардың бірлесе атсалысуы бұл Отанға деген сүйіспеншілік пен тарихи естелікті сақтау ғана емес, сонымен бірге аға буынның өз өмірлік тәжірибесімен бөлісуге мүмкіншілік.

«Өскемен қаласында өндірісті өлкенің жасыл «өкпесі» еркін демалуы үшін әр тұрғын ағаш отырғызғаны дұрыс. Қоғамдық пайдасымен қоса, осындай шараларда жұмыс істегенде жаның сүйсінеді. Біздің жас буынға ардагерлердің қазіргі күнге дейін сапта жүргенін көрсеткіміз келеді», деді - Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев.

ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, көгалдандыру орны кездейсоқ таңдалмаған. Аллеяға жақын арада жаңа балабақша орналасқан. Науқан бастамашылары жүздеген қала тұрғындары келетін жаңа жаяу жүргінші аллеясын көгалданыруға және абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Қазақстан полициясының құрылуына 25 жыл толуына орай осыған ұқсас іс-шаралар Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха, Зырян, Тарбағатай аудандарында және Курчатов қаласында да өткізілді.