Қазақстанда ниқаб киюге қашан тыйым салынатыны белгілі болды

Елімізде жыл соңына дейін мұсылман әйелдер үшін қара киім киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы біздің арнаның тілшісіне берген сұхбатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бақыт Күлекеев айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

Оның айтуынша, өзге елдің ұлттық киімін киетін негізінен Атырау, Ақтөбе мен Алматы облысының қыз-келіншектері. Қазір министрлік мамандары заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алған. Құжат жылдың соңына дейін үкіметке ұсынылатын көрінеді.

"Елбасымыздың айтылған сөзінен кейін тиісті тапсырма келеді. Қазірдің өзінде бұл мәселе біз көңіл аударып, зерттеудеміз. Әрине, тыйым салына ма? Қандай түрде, қандай деңгейде салынады? Оның барлығын ойластыру керекпіз. Ал заңнамалық өзгерістерде қараймыз. Мемлекеттік органдардың пікірін жинақтап, сол кезде енуі мүмкін", - деді Бақытжан Күлекеев.

Еске салсақ, елде қыз-келіншектерге бет-аузын тұмшалайтын қара киім киюге заңнамалық тұрғыдан тыйым салу туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 19 сәуірдегі дін өкілдерімен кездесу барысында айтқан болатын.