"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



«Жақсыбековтың кезінде де мұндай болмаған» – Назарбаев Астанадағы құрылыс қоқыстары туралы

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөкті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Үйлерді жаппай салуда – талап барлығына бірдей болуы тиіс. Кейбір үй салушылар өз қоқыстарын да шығармайды. Қаланың барлық жерінде қоқыс, қара (Астана әкімі Әсет Исекешевке бағыттай сөйледі – Авт. сөзі), қоқыс орындары көп болып кеткен. Әділбек Жақсыбековтың кезінде мұндай мүлдем болмаған. Қара, Әсет, құрылыс қалдықтары», – деді Нұрсұлтан Назарбаев суреттерді көрсетіп.

«Қыстан кейін мұндай мәселелер болып тұрады. Біз қазір заң жүзінде реттеуді қарастырып жатырмыз, себебі өкінішке орай құрылысшылар сыртқа шығарады, шашады, ешкім мұны реттеп жатқан жоқ», – деді әкім Мемлекет басшысының шағымына.

«Ол міндетті: үй салды, жан-жағын тазалады, сонымен қатар ағаш отырғызуы керек. Ал ол болса жан-жағын жинастырмайды да. Себебі біз оны талап етпейміз. Айыппұл салып, осы үшін жауапкершілікке тарту керек. Сен қоқыс бойынша есеп бердің, ал міне қоқыс жатыр», – деді Назарбаев.

Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» кеңсесінде халықаралық көрмеге дайындық мәселесіне, сондай-ақ, ҚР Президентінің төрағалығымен Астананы дамытуға қатысты мәселелер бойынша жиын өтіп жатыр.




Осыған ұқсас:

  1. КӘСІП – КҮШТІНІКІ, БИЗНЕС – БІЛЕКТІНІКІ МЕ?
  2. Қазақстандық өнер жұлдыздары таулы аймақты қоқыстан тазартты (фото)
  3. Бірді-екілі порталдардан басқа сайттар, сіздер мусровозсыздар!
  4. Павлодарлық түлек жалқаулар үшін қоқысты сұрыптайтын құрылғы ойлап тапты
  5. Алматыда қараусыз қалған мүгедектер үйлерін қоқыс алаңына айналдырған
  6. Алматылық зейнеткер қоқыс арасынан нәресте тауып алды


13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 21 Сәуір, 2017, 22:27

    нұрекең енді таңғы 5 те тұрып астананы күн сайын өзім аралап тұрам дейді….исекеш ұйықтап қалмасын, қарап қойыңдар.

  2. Белгісіз 22 Сәуір, 2017, 10:37

    элитасымак жаксыбеков жиында миыгынан кулип коиды .

  3. Белгісіз 22 Сәуір, 2017, 13:04

    Негізі президентті түсінуге болады. Алда еліміз үшін маңызы зор іш-шараны өткізу керек. Әлемнің түпкір-түпкірінен қонақтар келек. Олардың алдында масқара болмауымыз керек.

  4. Белгісіз 22 Сәуір, 2017, 13:17

    Дұрыс, президенттің жынына тиген болар жергілікті атқа мінерлер.

  5. 22 Сәуір, 2017, 18:10

    Қояндыға баратын жолдағы қоқыс полигонның иісі қашан жоғалады!

  6. Белгісіз 23 Сәуір, 2017, 21:27

    Біздің Басшымыз осы 25″ жылда айналдырған 20 – 30 ғана адамы бар (қарта
    ойынына керекті колода
    сияқты олардың қолынан əкім болу , міністр болу , елші болу келе ме , келмей ме , əйтеуір ауыстырып қоя береді . Өмірінде қолына мылтық ұстап көрмеген адамды Қорғаныс міністірі қылып тағайындайды ?????? Əр іске қолынан іс келетін адамдарды қойса Қазақстан əлдеқашар гүлденіп кетер едік !!!!!

  7. Белгісіз 24 Сәуір, 2017, 14:04

    осылай бір шықпыртып, тізгіндеп алмаса болмайды әрине, Елбасы дұрыс істейді!

  8. Белгісіз 24 Сәуір, 2017, 14:05

    Елбасы онсыз да іссапардан іссапарға, елдің басқа маңызды шаруаларымен шапқылап жүреді, осындай кезде қынжылтқандары жарамады…

  9. Белгісіз 24 Сәуір, 2017, 14:06

    Осы ескертулерден қорытынды шығып, жанталасып нәтиже көрсетсе қанеки!

  10. Белгісіз 24 Сәуір, 2017, 14:06

    Тойдың болғанынан боладысы қызық ддеген, мұнсыз да болмайды.

  11. Белгісіз 24 Сәуір, 2017, 14:07

    мерзім жақындаған сайын тақымды қысып, жіті дайындалудамыз, абыроймен атқаруға жазсын!

  12. Белгісіз 24 Сәуір, 2017, 14:08

    Бұйырса жақсы нәтиже көрсетеміз, осы қаланы былғамай, өзіміз де мәдениетті болуға ұмытлайық.

  13. Белгісіз 24 Сәуір, 2017, 14:08

    барлық нәрсе енді жіті қадағалауда, Елбасы осы бастаманы өзі көтеріп, көңіл бөлгендіктен уайымдайды әрине.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.