Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалады?

4810
6
Бөлісу:

Картинки по запросу демалыс күні

Мамыр айында елімізде қатарынан 11 күн демалыс болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Мамыр – мерекеге толы күндерімен танымал ай. Бұл айда Қазақстан халықтарының бірлігі, Отан қорғаушылар мен жеңіс күні тойланады. Бұл мерекелердің кейбірі жексенбі күнімен қатар келетіндіктен, қазақстандықтардың демалыс күні көбірек болады.

Сонымен, 1-ші мамыр немесе Қазақстан халқының бірлігі күні, дүйсенбіге түсіп тұр, демек қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады – 29, 30 сәуір және 1 мамыр.

Отан қорғаушылар күні жексенбіге түседі, сондықтан оны тойлау дүйсенбі, мамырдың 8 күніне ауыстырылады.

8 мамырдан кейін, 9 мамыр – жеңіс күні. Осындай жолмен, мамырдың 6-сы мен 9-ы аралығы төрт күн қатарынан демалыс болады.

Сенбі және жексенбі күндерді есепке алғанда, қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалатын болады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Жан 18 Сәуір, 2017 11:23 Жауап

    Біздің жұмысымыз жеке менщік 6күндік, жексенбі күнді косып 11күндеп ауыздарыңды толтырып айтасын(сыз)дар ай ааа?(((

  2. Тезекбай 19 Сәуір, 2017 21:21 Жауап

    Мерекелерден әбден шаршадық. Бір күн-демалса жетіп жатыр ғой. қазақстанда мерекелерді азайту керек. Өйткені мереке күндерінде арақ көп ішіліп, қылмыс, көлік апаты,ауру-сырқау, дәрігер шақырту деген сияқтылар көбейеді. тыныш өмір сүру үшін еңбек еткен дұрыс.

  3. Бақытбек 25 Сәуір, 2017 12:11 Жауап

    Мереке қай күнге келсе, сол күні бір күн ғана демалыс болуы керек. Демалыста көбейту депутаттар мен щенеуніктерді дандайсытудан басқа түк пайдасы жоқ. қарапайым жұмысшы мен шопан, диқан аптаның 7 күнінде де жұмыс істейді. Мерекелік демалыста шектеу керек.

Пікір немесе жауап жазу