Ислам діні көп әйел алуға неліктен рұқсат еткен?

3355
20
Бөлісу:

Картинки по запросу көп әйел алу

Қазіргі таңда қоғамда бұл тақырып өте өзекті мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыда айтарымыз, көп әйел алуға мүлдем болмайды деп үзілді-кесілді қарсы шығу да, көп әйел алуды діннің негізгі талабы іспетті жаппай уағыздау да астамдық екені. Көп әйел алу – батыста қатты сынға ұшыраған тақырып.

Алайда көп әйел алушылықты алғаш ойлап тауып, заңдастырған ислам діні еместігі ақиқат. Ислам келгенге дейінгі, әлемдегі әйел затының жағдайы баршаға мәлім. Ол кезде әйел затша саудаланатын, қанша әйелмен үйленем десе де еркектерге шек қойылмайтын.

Әйелді қалаған уақытында қалаған адамына сатып немесе айырбастай салатын. Тіпті, көне Грек және Рим мәдениеттерінде әйелді адам деп те есептемеген. Ефлатонның пікірінше, әйел бір қолдан екінші бір қолға өтіп жүре беретін ортақ мүлікке жатады. Ескі қытай мәдениетінде әйел заты адам саналмағандықтан, оған айдар тағып, ат та қойылмайтын болған.

Тіпті, батыс философтары «Әйел заты жалпы адам ба, жоқ па? Адам болса, оның жаны бар ма, жоқ па? Бар болса, оның жаны ер адамдардың жанындай ма, жоқ әлде жануарлардың жандарына ұқсас па?» деген тәрізді адам шошитын ой-пікір таластарын да тудырған.[1]

Міне, әйел баласының жағдайы осындай жан түршігерлік қорлыққа толы бір заматта Ислам діні әйелдердің абзал жаратылыс екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Оны заттықтан адамдыққа, қорлықтан ардақты деңгейге көтерді. Тіпті, «Жұмақ – аналардың табанының астында» деген сыры терең, сыны биік ұстанымға бас идірді.

Жоғарыда айтқанымыздай, ислам келмес бұрын әйелдермен үйленуде шектеу жоқ еді. Ер кісі қанша әйел алам десе де өз еркінде еді. Ислам осы шексіздікті төртеумен шектеді. Өзінің сыршыл күрделі талаптарын қойды.

Олай болса, бұл да исламның әйел баласына жасаған жақсылығы десек артық айтқандық емес.

Екіншіден, төрт әйел алудың діндегі орны парыз яки уәжіп емес. Яғни, әрбір мұсылман ер кісі көп әйел алуға міндетті емес. Көп әйел алу, бар болғаны, кей жағдайларға байланысты адамдарға берілген рұқсат қана.

Бұған қоса көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен талаптары бар. Мысалы, екі әйел алғысы келетін кісінің ең әуелі оларды бағып-қарайтындай жағдайы болуы тиіс. Мұнымен қоса, әйелдерінің арасында қара қылды қақ жарардай әділдік тең қарым-қатынас құруы керек.

Яғни, біреуіне жылы шырай танытып, екіншісімен суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп болып, екіншісінікінде аз уақыт қана болу секілді көңілдеріне кірбің салар әділетсіз араластықта болу дұрыс емес. Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де жағдай жасауы керек.

Ал мұндай талаптарды орындай алатындардың саны өте аз екені айтпаса да түсінікті. Ардақты Елші (с.ғ.с.): «Екі әйелі бар кісі әйелдерінің береуімен артығырақ қарым-қатынас жасап, әділетсіздікке жол беретін болса, ондай адам ақырет күні бір иығы төмен салбыраған күйде келеді»-деп әйелдерінің арасында әділетсіз қарым-қатынас жасаған еркектің ақыреттегі аянышты жағдайын білдірген.

Алла Тағала «Ниса» сүресінде: «Егер әйелдер арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда біреуі жеткілікті…» деген.

Ал енді ислам дінінің көп әйел алуға рұқсат етуінің өзіндік бірқатар себептеріне тоқталайық. Ер адамдардың саны әйел адамдарға қарағанда әжептеуір аз.

Оның себебі, ер адамдардың қазалы оқиғаларға көптеп душар болуында. Мысалы, соғыстарда, жол апаттарында, тағысын тағы басқа жағдайларда ер адамның көптеп қаза табатыны сөзсіз. І-ІІ дүниежүзілік соғыста миллиондаған ер адамның қаза тапқанына тарих куә. Қаза тапқан бұл ер кісілердің артында көзі жәутеңдеген бірнеше баласымен аңыраған жас әйелдері жесір қалды. Осы мыңдаған, миллиондаған жесір қалған әйелдердің де үйленіп жанұя құратын ер адамның, жас бүлдіршіндеріне қамқорлық көрсетер әкенің қажет екені сөзсіз. Екі әйел алуға рұқсат жоқ жағдайда бұл мәселе қалай шешілмек? Қорғансыз аналар мен бүлдіршіндер кімге аманат?

Қазіргі таңда көптеген елдерде соғыс болмаса да әйел санының ер адамдардан әлдеқайда басым екені белгілі. Осының салдарынан көптеген бойжеткендер уақытында үйлене алмай үйде отырып қалуда.[2] Әрине, бұл қыздардың да үйленгісі келетіні, ана болуды аңсары, белгілі біреудің қамқорлығын, өмірдегі тірегін іздері хақ. Ал бұл мәселелер заңды түрде әрі жауапкершілік шеңберінде шешілмеген жағдайда қоғамда түрлі келеңсіз жайттардың етек алары сөзсіз.

Бұлардан да жиі кездесетін бір жағдай – ер адамның екі әйел алуға мәжбүр болу жағдайы. Перзент сүйгісі келетін ер азамат некелескен әйелі дүниеге бала алып келе алмайтын бедеу болған жағдайда не істейді? Бірінші әйелімен ажырасып, басқамен үйлене ме? Яғни, сәби дүниеге әкеле алмағандығы үшін онсыз да жарым көңіл жүрген әйеліне опасыздық жасап, оны талақ етіп, басқа біреумен қол ұстасып кете бармақ па? Жоқ әлде әйелін де далаға тастамай, оған күйеу әрі сүйеу болып екінші бір әйелмен некелесе ме? Әрине, бұл тұста ақылға да, ар-ожданға да қонымдысы екінші таңдау екені сөзсіз.

Осы жерде бірінші әйелімен де ажыраспасын, екінші әйел де алмай жүре берсін деген ой туындауы мүмкін. Алайда, бұған барлық азамат көне алмайды ғой. Әр адамның өзінше бір әлем екені де ақиқат. Өмірде өз белінен перзент сүю сияқты арманы бар адам мақсатына жетпей байыз таппасы және белгілі. Тіпті, екі-үш бала емес, ұрпағының көп болғанын қатты қалайтын еркектер де кездеседі.

Сондай-ақ, адам баласы өмірде әр түрлі жағдайға тап болады. Мысалы, әйелі айықпас дертке шалдығып, күйеуіне дұрыс қарай алмайтындай жағдайға душар болса, ер азаматтың тағы да екінші нұсқаны таңдағаны абзал емес пе?

Жоғарыда айтылған жағдайлар болмаған күннің өзінде де көп әйел алуға ислам діні рұқсат етеді. Олай дейтініміз, бірінші әйелін жақсы көрумен қатар көңілі басқа әйелге де бұрып тұратын адамдардың да кездесері сөзсіз. Себебі, барлық адамның табиғаты, жаратылысы бірдей емес.

Кейбір азаматтардың жыныстық қабілеті мен құмарлығы артықтау келеді. Бұған қоса, бірінші әйелі көңілінен шықпай қалуы да әбден мүмкін. Көп әйел алуға тыйым салған жағдайда мұндай күйдегі адамдар әйтеуір бір жолын тауып алғашқы жұбайымен ажырасып тынуы немесе жасырын көңілдес тауып, шариғат тыйған зина сияқты харам істерге баруы бек мүмкін.

Сөйтіп, Жаратушының алдында – күнәһар, ал бала-шағасының алдында – екіжүзді болады. «Біреу біліп қоя ма?» деген күдікті ойдан құтыла алмағандықтан, психологиялық тұрғыдан мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес әйелдерді тек өткінші төсек ләззаты үшін ғана пайдаланғандықтан, олардың да абыройы айрандай төгіліп, әркімнің қол жаулығына айналары белгілі. Екі ортада тірі жетім қорғансыз сәбилер мен олардың қорланған шешелері қалады. Бүгінде көп әйел алуға үзілді-кесілді тыйым салған европа бұнысымен қаншама әйелдермен жасырын түрде төсектес болуға, яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің етек алуына, мыңдаған балалардың әкесіз дүниеге келуіне, сансыз түсік тасталуына көз жұмып қарауда.

Бұл шындықты батыстық ғалым Густав Ли Вон: «Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп әйелмен көңілдес болып жүре беретін европалықтардан әлдеқайда артық»[3] деп ашық мойындаған.

Иә, көп әйел алудың ислам дініндегі үкімі – парыз не уәжіп емес. Тек кейбір жағдайларға байланысты рұқсат етілген жол ретінде ғана қарастырылады.

Жоғарыда айтылғандай, көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарының барын ескерер болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз.

Бұған қоса, ер кісінің екі жанұяны бірдей басқаруға қабілеті жеткіліксіз болса немесе екінші әйел алған жағдайда бірінші жанұяның шаңырағы шайқалар болса, мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр.

Сондықтан үйленетін адамның өз жағдайын, жанұясының әрі қоғамының ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс болмаса керек-ті.

Қайрат Жолдыбайұлы

islam.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. шал 12 Сәуір, 2017 04:28 Жауап

    әй, қарағым-ай, баяғыда сүйегі қурап қалған бәдәуидің неге «ұлықсат» бергенін біз қайдан білейік, одан бері мыңдаған жыл өтті ғой. тап осы к…і құрттаған саған «ұлықсаты» болса ала берсей.

  2. қанат жанашұлы 14 Сәуір, 2017 02:44 Жауап

    ислам діні көп әйел алуға ұлықсат берген жоқ, тиым салды және шекті мөлшерін кесті. исламға дейін көптеген елдердің, басқа діндегілердің құл иеленушілері соғыста жаулаған елінің құлдары мен күңдерін мүлік, айырбас сауда және жұмыс күші ретінде ұстады. әйелдің құны, құқы болған жоқ. көптеген гаремдер салды,әйелді көптеп алды. еңбегін қанады. араб елдерінің кейбірінде балиғат жасына жетпеген қыздарды тұрмысқа беру әлі бар. ал қазақтың бұрынғы исламға толық мойын ұсынбай тұрған кезінде шыққан «қасымның қасқа жолы» «есім ханның ескі жолы» «жеті жарғы » заңдарында көп әйел алу жағы да бар. бұлар жаугершілік заманға , көрші елдермен қарым қатынасқа да байланысты. мына даланы малға, жанға толтыру үшін ата бабалар осы заңды өздері қабылдаған. діні басқа елден олжа күң алса оны өз дініңе кіргізіп, әйел алуға ұлықсат берген. олар көбіне будда дініндегі қалмақ, қытай қыздары болған. шаруашылық жағын солар қараған.христиан дініндегілер де бар, бірақ мешітке барған, ал салттарын тастамаған. жоғарыдағы көп әйел алуға ислам діні шектеу қойып, тек төрт әйелге тоқтаған. бұларға алғашқы әйеліңмен бірдей жағдай жасауыңды міндеттеген. екіншіден бұл қазір аса қажеттілік емес, егер артыңда ерген ізіңді жалғастырар ерек кіндікті ұл бала болмаса, екіншіге қажеттілік туады. біздің көптеген елге белгілі тұлғаларымыз осы себептен екінші әйелдерін алып отыр. оны басқаға жору дұрыс емес. ол қазақтың өз дәстүрі, бұрынғының жолы.

  3. Гүлім 19 Қаңтар, 2018 17:45 Жауап

    Ал күйеуі бедеу болса? әйел адам не істеу керек??? Әйелдің бала туа алатын болса??? Онда ажырасқан дұрыс шығар бірден? бала сүйгісі келетін әйел басқа еркекке тұрмысқа шығу керек қой

  4. Назира аже 19 Сәуір, 2018 00:56 Жауап

    Ода дурыс . Бiрак гулiм қызым баилыка машинасына мулигине карап турмыска шықпаи. Ауылда бойдак жiгiттер көп соған турмыска шык. Ашеин машинасы бар баи қалада туратын жигиттер iздеисиндер. Акылды саналы кыз карамаит өз улымда боидак ауылда турат уилен десем кыз жок каладан ауылга турмаит деит. Гулим кызым ренжимеиди деп оиламын

  5. Лами апай 19 Сәуір, 2018 01:04 Жауап

    Кайта Гулiм акыл сурап жаткан кыз акылды iшкi жан дунесин аитып! Дурыс аитат гулiм баска ер адамға турмыска шығыуға болат машина мулiке қызыкпай. Ауылда көп жигиттер боидак содаи жигиттерге турмыска шыгып бала суиу керек Гулiм

  6. Ғапура апай 19 Сәуір, 2018 01:12 Жауап

    Гулiм жаксы қыз екен халыктан акыл кеңес сураған. Саналы iшiнде бiр нәрсе жеи берет. Ол анна атану? Ондай боса ажыраскан дұрыс анна болғанан кеин дуниеге урпак акелу керек. Ане көрдiнбе Анна ажеллер саған жабысып жатыр келiн кып асак деп. Оны көп оиланып кажети жок? Гулiм кызым

  7. Арай кеншек 19 Сәуір, 2018 01:20 Жауап

    Гулiм мен сиякты екесин менде куиеуге тип калада бай жигитке содан бала болмады екi жылдан кеин ажырасып ауылга баска жигитке тидим казир уш балам бар орташа турам куиеуим 16 жас улкен улкен боса катты силаиды екен. Суием куиеумдi. Алла тағала баилык берсе бала бермеиди екен. Бурынгы куиеуди аитам бос белбеу Гулiм

  8. Жансезiм кеншек 19 Сәуір, 2018 01:53 Жауап

    Гулiм менде қалада ттратын бiр бай жiгiтке турмыска шығып бала болмагон сон ажырасып. Одан ауылға бир карапаиым жигитке турмыска шыктым бир балам бар екншиге екi қабатпын.? Ауыл жаксы екен сиыр сауасын ауылда уи шаруасынын өзi жаттығу. Калада немене кешқе деин кампьюттер менде жiгiтiм улкен. Силаиды тыңдаиды еш каида кыдырып кетпеит? Тусниги бар алла тағала рахмет Гулiм

  9. Толкын апай 19 Сәуір, 2018 10:43 Жауап

    Гулiм кайта шындығын аитып жазып отыр. Ондай боса боска уақыт өткiзбеи. Баска жiгiтке турмыска шыканын дурыси. Уакыт өткiзбе

  10. Раушан анна 19 Сәуір, 2018 14:50 Жауап

    Баска ер азаматка шығыу керек уакыт өткiзбеи көп ойлап уаймдай бермей. Кун тунi уиқыда жок шығар Гулiм. Анна бакытын тiлеик!

  11. Дина кеншек 19 Сәуір, 2018 18:03 Жауап

    Ғулiм. Кызым ауылда бойдак жiгiттер көп. Сары уайымға салынбаи баска бойдак жигитке турмыска шыканын дурыс. ЕЛ пiкiрi көп екен. Қайсы көп аитылды соны таңдағанын дурыс есмiн адемi екен!

  12. Аннар кеншек 19 Сәуір, 2018 20:55 Жауап

    Сайкал Халыкты ақымак журген бузык катын шығар? КУИЕУДЕН КУИЕУГЕ ТИГЕН? УЯТЫ ЖОК ЖЕКСУРЫН БУИТИП ЖАЗҒАНША ӨЛСЕИ ЖАРМЕС

  13. Перизат досы 20 Сәуір, 2018 00:06 Жауап

    Бул да уя жоқ төр байға тип! АЖЫРАСКАН Айтканы барi өтирик сенбендер …

  14. Жумагул аже 21 Сәуір, 2018 23:10 Жауап

    Барин калталы азаматтар издемеи карапайым жiгiттерге неге турмыска шықпаисындар. Баи шал жигиттерге шыксандар олларда катын қөп. Калтасына караита кеншекттер өздери жабысады сондаи азаматтарға кыз кеңшекттер алданып калмаса екендеим.

Пікір немесе жауап жазу

он екі + бес =