Елдегі дағдарысқа қарамастан Мәжіліс депутаттары өз жалақыларын көтертіп алды

Бөлісу:

Картинки по запросу мәжіліс депутаттары

Қазақстандық депутаттардың жалақысы өсті деп хабарлайды Today.kz. Биліктегі өз дереккөзіне сілтеме жасаған портал тілшілері 1 наурыздан бастап Мәжіліс депутаттарының айлық-жалақысы 30 пайызға артқанын мәлімдеп отыр.

Бұл ақпаратты депутаттар Бақытбек Смағұлов пен Екатерина Никитинская да растаған.

«Иә, жалақымыз өсті. Біз бұған дейін үкімет мүшеренінен аз айлық алатынбыз. Сондықтан бұл мәселені көтерген болатынбыз. Өйткені, халықаралық тәжірибеде депутаттар ең жоғары саяси қызметкерлердің бірі болып есептеледі. Біздің жалақымыз коммерциялық жүйедегі секілді емес, мемлекеттік қызметтегі жүйедегідей үстемемен беріледі», – дейді Екатерина Никитинская.

Әзірге депутаттардың жалақысы қанша пайызға өскені нақты белгілі емес, кейбір деректерде 30 пайыз, өзгелерінде 50 пайыз деп көрсетілген.

Портал тілшілерінің мәліметінше, Мәжіліс депутаттарының бәрі бірдей жалақы алмайды екен. Оларға жұмыс істейтін комитеттеріне байланысты әртүрлі үстемелер төленеді. Жалпы алғанда, мәжілісмендердің орташа жалақысы бұған дейін 500 мың теңгені құрап келген.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 26 пікір жазылған

  1. ел 10 Сәуір, 2017 12:44 Жауап

    ауызбастырық деп түсінеміз.жерге де тілге де немқұрайлылық танытып жеңіп шыққандары үшін .

  2. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017 12:48 Жауап

    депудатболуға барғандар халыққажаны ашыпемес қалта қамымадеп оилаимын ? :kulki:

  3. шал 10 Сәуір, 2017 13:39 Жауап

    кашан жони тузу адам келип мына жуиени реттестирип кояр екен о алла.депутат 700мын тенге мугалым алды 70мынтенге.

  4. Заке 10 Сәуір, 2017 13:53 Жауап

    Уятка жок. Ал халық 40-50мың алып, шырылдап балаларын қалай киіндіру мен тамақтандыруды ойлап жүр

  5. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017 14:10 Жауап

    Жақсы болған екен,солар ашығып қала ма деп күндіз күлкіден,түн ұйқыдан арылып едім

  6. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017 15:37 Жауап

    Жағымпаздықтары үшін айлықтарын көтерген шығар, енді аяғын сүртіп жүрген депутаттарға 30 пайыз емес, 60 пайызға айлықтарын көтереді. Ал,депутаттар жарысыңдар аяғын кім жақсы сүртеді екен.

  7. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017 16:32 Жауап

    аштан өледі ғой, аясаңдаршы. бала шағасын немен асырамақ бағұстар. бұлар да аз алдық дейді, 35 пайыз ғана. министр, мем.қызметкерлер, обл.әкімдері 50 пайыз алды деп жылап отыр. зейнеткерлер 10 пайыз алсада шыдап отыр . осыны кері төңкеріп алса да, (әкімдер 10, жепутат 35, зейнеткер 50) үкімет ұтылмайды екен. көп ақша үнемдеп қалмай ма. дерсің біз жемқорлар мемлекетіміз ғой.

  8. вечно қарыз 10 Сәуір, 2017 17:05 Жауап

    Бәсе менің ақшам неге көбеймейді десем осыларға кетіп жатыр екен ғой.

  9. С 10 Сәуір, 2017 19:00 Жауап

    Олар осылай халықты ойламай өз жағдайларын жасай беретін болса революция болатын күн де жақындай түседі….

  10. көше баласы 10 Сәуір, 2017 19:00 Жауап

    бұлар құдайданда қорықпайды екен қанша адамдар әсіресе ер адамдар жұмыс таппай қаңғып жүр үи көрмеи безіп әр жерде кім көрінгенің есігін сығалап ал мына депудатар жұмыс тындырған сияқты жалақыларын көтеріп мәз болып жүр халықтан қорқпасаңызда құдайдан қорқыңдаршы обал болдығо халыққа жұмыссыздық күнен-күнге көбеиіп бара жатыр

  11. Казакпай. 10 Сәуір, 2017 20:07 Жауап

    Олар кундиз-туни жумыс истейди. Жалакылары аз. Еки-уш миллион тенгеден болуы керек жалакылары. Кейде аяйсын, шаршап жургой халыктын камын ойлап жургой деп.

  12. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 11 Сәуір, 2017 00:25 Жауап

    ОСЫЛАРДЫҢ САНЫН ҚЫСҚАРТЫП, ЖАЛАҚЫЛАРЫНА 30-40 МЫҢ ТЕҢГЕ БЕРІП, ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚТЫҢ КҮН КӨРІСІН КӨРСЕТУ КЕРЕК ОЛАРҒА, НЕ ДЕГЕН СҰМДЫҚ 500 000 ТЕҢГЕНІ НЕ ҮШІН БЕРЕДІ?

  13. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2017 08:18 Жауап

    Әрине қара халықты ойлайтын еш үкімет жоқ, олар осы халықтың арқасында сол жылы жерде отыр, барлық алғандары желкелерінен шықсын, қалай жұтса солай құсады халқын ойламағандары үшін :zhlau:

  14. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2017 08:21 Жауап

    Халықты ойлайтын депутаттар болса кешегі жалақысы қосылғандарын айытып мақтанбаста еді, неге олар қарапайым үкіметке жұмыс жасап жүргендердің жалақысын көтермейді, ондай кезде олар ұйықтап отыр , ал халыққа не болсада бәрібір сияқты :zhlau:

  15. Арлы азамат 11 Сәуір, 2017 09:53 Жауап

    Ұятсыз жепутаттар желкелеріңнен шықсын жегендерің халықтың назасы ұрсын жемқор ашқарақтар ұялмайсыңдар ма сендерге халық сенім артты ғой жағдайымызды жақсартар болашағымыз баянды болар ұрпағымыз ешкімге телмірмес деп.. :jap:

  16. Бердімұратов Ералы 11 Сәуір, 2017 14:29 Жауап

    Мақұл алсын депутаттар көндік.Тараздағы жедел жәрдем стансасының айлығын неге көтермейді алатындары 70 мың тг .оның өзін толық бермейді богатый месес бедный месец деп.осы жедел жәрдем стансасын әділдікпен тексеретін адам барма.келеді тексеруге түгел бәрі ақша салып қалталарына түк болмағандай кетеді.запчаст бермейт даже лампочка бермейт не сұмдық қарқынды дамыған қазақстан дейт қайдағы дамыған еш шындық жоқ.бәрі көз бояушылық.жедел жәрдем стансасының бастығы В.Заттыбековна сылтау тауып жұмысшыларды шығарып орнына 600000 тг ден адам алып жатыр кәне әділдік мұны тексермейма.обед ішпендер ужен ішпе дейт сонда құлдықтама жұмысшылар ал бұған не дейсіздер

  17. корипкел 12 Сәуір, 2017 14:40 Жауап

    билик билип котерип отыргои алаи булаи боп кетсе баска жакка карап урип кетпесиндеп.

Пікір немесе жауап жазу

бір × 5 =