Депутат министрден теледидардағы бос ыржалақты тоқтатуды сұрады

9061
24
Бөлісу:

Телебағдарламаларға тапқырлар клубының әзілкештерін ғана емес, қазақы қалжыңның майын тамызып, өнердің бел ортасында жүрген сатириктер мен сықақшыларды тарту ұсынылды.

Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл алға тартты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Картинки по запросу бақытбек смағұл

«Депутаттық сауалға сайлаушылармен кездесу барысында жұртшылық тарапынан қазақ тілді телеконтентке қатысты айтылып жүрген ой-пікірлер негіз болып отыр. Әсіресе әзілді әжуаға, күлкіні сайқымазаққа айналдырған әзіл-сықақ бағдарламарына көп сын айтылады. Жайдары күлкі жан саулығы десек те, алайда қазақстандық телеарналардан берілетін әзіл-қалжың сапасының төмендігі алаңдатады. Орынсыз әрі жалған күлкі, ұлттық құндылықтарды келемеж ету, қысыр сөздер, бос қылық, ыржалақ, әдепсіз мазақтар әзілдің қадірін кетіруде»,- деді депутат Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа жолдаған депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, көптеген елдерде әзіл-оспақ телебағдарламалары таптырмас, тамаша идеологиялық құрал да болып отыр. Әзіл-қалжың телеөнімдері өткір, бірақ жарасымды. Сыни, бірақ шынайы сықақтар мен әзіл-оспақтар өмірде болып жатқан оқиғаларды, өзекті мәселелерді және ұлттық ұстанымды түсіндіреді.

«Отандық бағдарламаларға көбінесе қисынды қағытпа қалжыңдар, ойнақы да орынды әзілдер, контексті астарлап, әзіл түрінде ұтқыр жеткізетін ұшқыр ой мен тапқырлық, шешендік жетіспейді. Әдемі әрі орынды әзіл арқылы халық, соның ішінде жастар арасында жалпыұлттық идеяларды да, мемлекеттік бағдарламаларды да ілгерілетуге, түсінікті әрі танымды түрде насихаттауға болады. Ал әдепсіз әрі сапасыз әзілге мұндай миссия арту қорқынышты, ол тек теріс нәтиже әкелмек. Бейәдеп әзілдің қауіпті жағы тағы бар. Олар ұлттық құндылықтарды карикатураға айналдырады, құнын түсіреді», — дейді Смағұл.

Депутаттың пікірінше,

әзіл бағдарламаларының еліміздегі рейтингі ең жоғары телеөнімдер қатарына жататынын ескеру керек. Олар эфирдің негізгі қозғалтушы күші, олар тіпті интернет аудиторияға да кең тарайды.

«Айтылғандарды назарға ала отырып, келесі мәселелерге назар аударуды сұраймын. Біріншіден, осы бағыттағы телебағдарламаларға көңілділер мен тапқырлар клубының әзілкештерін ғана емес, мәдениет саласындағы көрермендерге риясыз күлкі сыйлап жүрген, қазақы қалжыңның майын тамызып, өнердің бел ортасында жүрген сатириктер мен сықақшыларды, маман сценаристер мен жазушыларды кеңінен тартуға көңіл бөлген жөн.

Екіншіден, отандық сапалы әзіл-сықақ және ойын-сауық телеөнімдері өндірісін дамыту мақсатында Ақпарат және коммуникациялар мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлескен шараларды әзірлеп, қабылдау мәселесін қарастыруды ұсынамын», — деп түйді сөзін депутат.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 24 пікір жазылған

  1. шал 6 Сәуір, 2017 14:16 Жауап

    канша жыл дегенде шуравиден жондибир пикир еситтимау.жараисын депутат.

  2. Казакпай 6 Сәуір, 2017 16:19 Жауап

    Дурыс айтылган сын.Асресе тамашанын артистерин кинога жолатпау керек.Индиянын фильминдей тым асыра ойнайды.Карап отырып кускын келеди.Турлериде онып турганЖок.

  3. камила амирсултанқызы 6 Сәуір, 2017 16:23 Жауап

    әсіресе еуразиялық арнадан көрсетілетін мәні жоқ мағынасы жоқ ымдап бірдеңе көрсететін бағдарламаны құрьу керек

    • Қолқоюсыз 6 Сәуір, 2017 21:02 Жауап

      Оданда ашық айтпайма,тоқал-соқалдан,кездейсоқ әншісымық,жүрналистсымақ,түрлеріненде,сөз саптауларынанда ат үркетін шалдыр-шатпақтардан тазарт,-деп.

  4. ШАРШАҒАН 6 Сәуір, 2017 21:39 Жауап

    СЫЙҚЫ МАЗАҚТАР МЕН ӘНШІЛЕР ЖӘНЕ ШЕТЕЛ СЕРИАЛДАРЫ ШАРШАТЫ.НЕГЕ ҒЫЛЫМИ, ТАРИХИ, ӨРКЕНИЕТ ЖАЙЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖОҚ ТЕЛЕ АРНАДА?

  5. ТАРИХ 6 Сәуір, 2017 21:54 Жауап

    ГИТЛЕР:БІР ЕЛДІ МӘҢГҮРТ ЕТУ ҮШІН БОЛЫМСЫЗ ӘНДЕРМЕН,БОЛЫМСЫЗ КИНОЛАР, ЖЕТКІЛІКТІ ДЕГЕН.

  6. ХАЛЫҚ 6 Сәуір, 2017 22:15 Жауап

    БІЛІМ,ҒЫЛЫМИ,ТАРИХИ,ӨРКЕНИЕТ ЖАЙЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАР КӨБЕЙСЕ ЖАСТАРДЫ БІЛІМ ҒЫЛЫМҒА БЕТ БҰРАТЫН ЕДІ НАСИХАТТАСА ТЕЛЕ АРНАЛАР.

  7. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 6 Сәуір, 2017 23:06 Жауап

    ЕҢ БОЛМАСА ОСЫ ЫРЖЫҢ-ТЫРЖЫҢ, МӘНСІЗ МАҒЫНАСЫЗ ҚАБАТОВ, ТАҒЫ ДА СОНДАЙЛАРДЫҢ САПАСЫЗ ДА, ӨНЕГЕСІЗ БАҒДАРМАЛАРЫН ТОҚТАТУ КЕРЕК, ТЕЛЕДИДАР КӨРУДЕН ҚАЛДЫҚ, ҚАЙ АРНА ҚОССАҢ, СОНДАЙЛАР ЖҮРЕДІ, ДЕПУТАТТАР ЕҢ БОЛМАСА ОСЫ МӘСЕЛЕНІ ҚАРАСТЫРМАЙСЫҢДАР МА……………

    • Қолқоюсыз 7 Сәуір, 2017 01:07 Жауап

      Басқа ұлттың өз халқын мазақтағанын,әжуалап,күлкіге айналдырып,ессіз,ақылсыз,аңғал-саңғал ақымақ қылып көрсеткенін көрмеппіз.Тыртыңдаған,жырбыңдаған,қышқырған,ана,әйел біткеннің бәрін жағымсыз,жексұрын кейіпкерге,күлкі,мазаққа айналдырып-ақша тауып,нанын жеп,пұл тауып жеп жүрген кещелер өңкей.Халықтың,аналардың наласына ұшырайсыңдар.

  8. Ақиқат 7 Сәуір, 2017 09:16 Жауап

    Неге завот өндіріс ғылым техніика егін шаруашылығы агро техника ен болмаса ұсақ қол өнер ғалымдардың тәжрибесі өнеге үлгілі тарихй өңгімелер мал шаруашылығы т.б айтылмаиды?

  9. Сания 7 Сәуір, 2017 09:46 Жауап

    Өте дұрыс, мен осы ұсынысты тосқалы қай заман. Қазақстандық өнер құлдырп бара жатыр, Теледидардан «Айтуға оңай»дан басқа ешнәрсені көргім келмейді, ал әзіл-сықақ бағдарламалары ешқандай сын көтермейді, жетістірдім дегендері- әйелдің рөлін еркектер сомдап, оның өзі бір дарақы бірдеңе болып шығады. Осыны аяғына дейін жеткізу керек, министрдің құлағына құю керек.

  10. Асан 7 Сәуір, 2017 11:11 Жауап

    Бәке! Бұл мақсатты түрде жүргізіліп отыр саясат. Елдің біразы жұмыс істемей, күндіз-түні сол ыржалақты көріп, өмірін босқа өткізіп жатқандарын түсінбейді. Сөйтіп ел дибилизациялға ұшырауда. Енді осы мәселені түбіне дейін жеткізіңіз.

  11. Асан 7 Сәуір, 2017 11:12 Жауап

    Бәке! Бұл мақсатты түрде жүргізіліп отырған саясат. Елдің біразы жұмыс істемей, күндіз-түні сол ыржалақты көріп, өмірін босқа өткізіп жатқандарын түсінбейді. Сөйтіп ел дибилизациялға ұшырауда. Енді осы мәселені түбіне дейін жеткізіңіз.

    • Қарақойшы 7 Сәуір, 2017 21:53 Жауап

      Дұрыс айтасыз Асеке, бұл ұлтты құртуға (арнайы мақсатпен) бағытталып жатқан саясат. Ішіңнің налитыны халықтың сол провакацияға еретіні. ТV көрген азады, кітап оқыған озады.

  12. Маке 7 Сәуір, 2017 11:53 Жауап

    Біздің қазақ сахнасында жаңа үрдіс қатынша киінген еркектер ролдерін әйелден артық ойнап береді

  13. калеке 7 Сәуір, 2017 19:46 Жауап

    Деградацияга ушыраган елди баскару онай..казба байлыктарымыз али де коп,соны игеру,оган кадрлар дайындау,сол мамандыктарга кызыктыру,насихаттау,сол байлыктарды мемлекет меншигинде устау механизмдери,жана,озык технологияга умтылу тагы сол сиякты маселелерге неге конил аудармаска…Елдин косегесин когертетин осындай тирликтер болу керек ..

  14. жора 8 Сәуір, 2017 00:14 Жауап

    әншілер мен әзілкештер жаулап алды солардан басқа артық адамдар жоқ екен Қазақстанда солардың ішкен-тышқанын қарайтын болдық

  15. Түңілген 8 Сәуір, 2017 06:51 Жауап

    Осындай құдай атқан бағдарламалар арқылы билік өздерінің сұрқия саясатын жүргізіп отыр. Бұл ыржалықтың бәрі биліктің маскасы.

  16. Малдыбек 3 Маусым, 2017 01:52 Жауап

    Орынды айткан депутат. Әзілкештер теледидардан мүлде кету керек. Керек ететін адамдар өз үйіне, тойына шақырып көре берсін.

Пікір немесе жауап жазу

екі × 5 =