Әкімнің "Лексусын" ұрлап, полицейге оқ атты (ФОТО)

Қызылорда әкімінің "Лексусын" айдап әкеткен жігіт полицейге оқ атып, сол аяғын жаралады

Қызылордада бір жігіт аса қымбат шетелдік автокөлікті айдап әкетпек болыпты. Бірақ полиция бұл жолы барын салды: ұрланған көлік – қала әкімнің қызметтік «Лексусы» деседі!

Полицейлерге бағынғысы келмеген ұры мылтықпен оқ атып, бір полицейді жаралаған, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Оқиға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың үйінің жанында болған. Қаланың Ішкі істер департаменті бұл оқиға туралы ақпарат бергісі жоқ.

Ұрлана жаздаған аса қымбат көліктің әкімге тиесілі екенін айтпауға тырысады.

Ал аяғына оқ тиген полицей ауруханада екен. Денсаулығы түзеліп келеді деседі. Әкімнің көлігін ұрламақ болған жігіттің оғына ұштым дегенді өз аузымен айтыпты.

Сұңғат Алмаханов, Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкері:

Торайғыров көшесінде полиция көлігі тұрды. Мен шыққанда бір джип келіп, оның ішінен маған оқ атылды. Ол әкімнің джипі дейді. Әкім ол көлікпен жүргізушісімен бірге жүретін. Соны ұрламақ болған…