Алматыға пәтер алуға келіп, ақшасын ұрлатып алған тараздық жігіт сөйлей алмай қалған

Тараз тұрғыны Алматы қаласында пәтерге жинап жүрген ақшасын көлігінен ұрлатып алды. Қылмыскерлер автомобильдің терезесін шағып, ақшаға толы сөмкені қолды қылған деп хабарлайды patrul.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Алматыға пәтер алуға келіп, ақшасын ұрлатып алған тараздық жігіт сөйлей алмай қалғанОқиға түнгі сағат 10 шамасында, «Самал» шағын ауданында болған.

Тараздық жігіт Алматыға пәтер сатып алу үшін өзінің көлігімен келген.

Жігіт көлікпен келе жатып Достық даңғылынан жоғары орналасқан Қарасай батыр көшесінің бойынан тоқтап, су алу үшін дүкенге кіріп кетеді. Қайтып оралғанда жігіттің төбесіне жай түскендей күй кешкен.

Жігіт Camry көлігінің артқы терезесі сынғанын көріп, кейін ішіндегі барсеткасының да жоқ екенін байқайды.

Алматыға пәтер алуға келіп, ақшасын ұрлатып алған тараздық жігіт сөйлей алмай қалған

Сөйтіп қомақты қаржыны қолды қылған қарақшылар тез арада ізін суытқан. Жинаған ақшаға Алматыдан пәтер сатып алмақ болған жігіттің ақыры сөйлеуге шамасы келмей қалады. 

Ұрылар жігіттің көлігінде қомақты ақшаның барынан хабардар болған деседі.

Көлік иесінің автомобиль салонынан шыққанын аңдып жүрген ұрылар тез арада ақша толы сөмкені ұрлап, ізін суытқан.  Жағдайға қарағанда, бұл жерде өз ісінің мамандары жұмыс істеген сыңайлы.

Төтенше жағдай орын алған жерге Медеу ауданының криминалды полициялары келген. Бұл іске қатысты тергеу амалдары да басталды.