Әсет Исекешев 12 миллион теңгеге жуық премия алады

Мемқызметкерлерге қызметтік он екі айдың жалақысына дейін бонустар төленеді - Ұлттық экономика министрлігі

Картинки по запросу әсет исекешев

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мадина Әбілқасымованың айтуынша, мемқызметкерлерге жақсы жұмыстары үшін қызметтік он екі айдың жалақысына дейін бонустар төленеді деп хабарлайды «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Сонымен, ресми айлығы 953 260 теңгені құрайтын Астана әкімі Әсет Исекешев, 1,9 млн теңгеден бастап 11,4 млн теңгеге дейін сыйақы алуы мүмкін.

"Белгіленген еңбекақыларынан бөлек мемлекеттік қызметкерлерге бонустар төленеді. Ол әр мемлекеттік қызметкердің жеке жұмыс қортындысына байланысты белгіленеді, саясаттағы қызметкерлерге де солай. Мемқызмет ісі бойынша агенттік А, Б және саяси мемқызметкерлер жұмысын бағалау жүйесін бекітті. Бағалау аспектісі: еңбек тәртібін орындау және қортынды нәтижелерге қарай. Бағалау келесідей: қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, эффектілі және тамаша", ― деп түсіндірді Әбілқасымова.

Дегенмен, Әбілқасымованың айтуынша, бонустар төлемі бюджет мүмкіндігіне қарай болады. 

"Қазір біз жобаны жасап жатырмыз, бірақ ол әлі расталмады. Біз бонус көлемі екі және он екі айдың жалақысын құрауы мүмкін деп отырмыз. Бұл - әлемдік практика. 2018 жылғы бюджетті қалыптастыруда біз жаңа бюджет циклына көштік. Бұл мәселе бюджет мүмкіндігіне қарай қаралады", - деп атады ұлттық экономика министрінің орынбасары.

Бұдан бұрын, мемқызмет ісі агенттігі 2017 жылдың ортасынан бастап қазақстандық шенеуніктер мерекелік және тоқсандық сыйақыны алуды тоқтатады деген. Енді олардың орнын бонус алмастырады.