Асанәлі Әшімов: Қызды айналдыру – өнер, төсекке жату – өмір!

3479
4
Бөлісу:

ҚР Парламенті Сенатында отандық кинолардағы төсек қатынасын көрсетуді тию мәселесі талқыланды. «Мәдениет туралы» заң жобасын талқылауға қатысқан атақты актер Асанәлі Әшімов көркем фильмдердегі жыныстық қатынас жайлы қойылымдарға қарсы шықты. Халық әртісі тіпті, ер мен әйелдің арасындағы анайы байланысты ашық көрсеткен режиссерлерді заңмен жазалауды ұсынды деп хабарлайды КТК арнасы.

Картинки по запросу тоқал фильмі

«Тоқал» фильмінен кадр

Ал, депутаттар фонограммамен ән салып, жұртты алдап жүрген әншілерді де жауапқа тартуды сұрап отыр.

Қазақ киносының ақсақалы Асанәлі Әшімов соңғы кезде отбасымен бірге отырып отандық киноны көруден қалыпты. Өйткені, төсекте алысқан ер мен әйелдің жыныстық қатынасы ашық насихатталатын болған. Әйгілі актер бұл арсыздықты тоқтату үшін сенаторлардан араша сұрап отыр.

Сондықтан Әшімов сексті көрсетуге заңмен тыйым салу керек дейді.

«Қызды айналдыру –  өнер,  төсекке жату –  өмір!» Режиссерлар соның ортасын көрсетеді. Ағайындарыңмен көріп отырып ыңғайсыз жағдайға қаласың. Осыны заңмен тыйсақ жақсы болар еді», – дейді Асанәлі Әшімов.

Сонымен қатар, жаңа заң бойынша, енді режиссерлер өзі түсірген әр фильмнің мазмұнына басымен  жауап береді. Және олардан киноға кәсіби актерлерді шақыру  да талап етілмек.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. !! 1 Сәуір, 2017 13:21 Жауап

    «келін деген туындысымақ» ермек тұрсыновтың жəне өзі шедевр деп ойлап қалатын басқа да «туындысымақтарын «көрсетуге тыйым салсын.адамбайев нүртасты да туындысымақтарымен қазақты мазақ еткені үшін көрсетпей тыйым салатын уақыт жетті.

  2. алшын 2 Сәуір, 2017 02:25 Жауап

    асекеңдей ақсақал ағаларымыздың ескертуі жөн деп білемін. қазақтың қай өнері де ұлттық тәрбие, діліміз (менталитіміз) емес пе. өз абыройымызды осындай нәрселермен әлемге әйгілеп жатқанымыз тіптен ұят, масқара емес пе. бәрі де осындай кемшіліктен туындайды. осы жерде м. мағауиннің ащы сөзін де келтіре кеткенді жөн көремін. «біздің кезімізде қыздардың етегі ауыр болды» деп қазіргі қауымға қарап мысқылдайтын. қасиет пен ар-ибадан жұрдай болу қазақ үшін қасірет қой.

  3. НУРБАНУ 2 Сәуір, 2017 15:00 Жауап

    Асанали агамыздын айтып отырганы оте дурыс.Казирги казак киноларына танымал аншилер тусип жур ,танып отыргандыктан кинонын еш мани жок.Сондыктан анши анин айтып,кинога касиби актерлер туссе екен.

Пікір немесе жауап жазу

4 × 3 =