Дос Көшім: Біздің миллионерлердің байлығы биліктің қасына жақындасудан құралған

Картинки по запросу дос көшім

Орта тап кем дегенде 60-70 пайыз болғанда ғана белгілі бір тұрақтылық болады. Ал бізде орта тап менің ойымша, әрі кетсе 20 пайыздай болуы мүмкін. Бұлар кәдімгідей жазда шетелге барып демалатын, әйелінде, өзінде, балаларында бір-бір машинасы бар, көлік айдам келе жатқан уақытта бензинім қанша қалды деп қарамайтын, телефонымда единицам азайып кетеді деп біреудің телефонынан қоңырау шалмайтын адамдардың қатарын айтқан уақытта олар 20 пайыздан аспайды өкінішке орай.

 Дәулетті адамдардың көбісінің, барлығы деп айтпай-ақ қояйық байлығы сол биліктің қасына жақындасудан құралған. Ал шетелдерде билік пен байлық екеуі екі бөлек. Мысалы бизнеспен шұғылданатын миллионерлер ешуақытта қаланың замәкімі, болмаса аудан әкімі болайын деп ешуақытта ойламайды, олар мұндайға күле қарайды. «Қажеті не маған?» дейді. Дәл бізде биліктің қасына жақындамайынша, байлыққа жете алмайсың.

Дос Көшім,

Дереккөз: oinet.kz