Дос Көшім: Біздің миллионерлердің байлығы биліктің қасына жақындасудан құралған

2346
5
Бөлісу:

Картинки по запросу дос көшім

Орта тап кем дегенде 60-70 пайыз болғанда ғана белгілі бір тұрақтылық болады. Ал бізде орта тап менің ойымша, әрі кетсе 20 пайыздай болуы мүмкін. Бұлар кәдімгідей жазда шетелге барып демалатын, әйелінде, өзінде, балаларында бір-бір машинасы бар, көлік айдам келе жатқан уақытта бензинім қанша қалды деп қарамайтын, телефонымда единицам азайып кетеді деп біреудің телефонынан қоңырау шалмайтын адамдардың қатарын айтқан уақытта олар 20 пайыздан аспайды өкінішке орай.

 Дәулетті адамдардың көбісінің, барлығы деп айтпай-ақ қояйық байлығы сол биліктің қасына жақындасудан құралған. Ал шетелдерде билік пен байлық екеуі екі бөлек. Мысалы бизнеспен шұғылданатын миллионерлер ешуақытта қаланың замәкімі, болмаса аудан әкімі болайын деп ешуақытта ойламайды, олар мұндайға күле қарайды. «Қажеті не маған?» дейді. Дәл бізде биліктің қасына жақындамайынша, байлыққа жете алмайсың.

Дос Көшім,

Дереккөз: oinet.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 31 Наурыз, 2017 00:47 Жауап

    Адамзаттың Не істеп жатқандарын, ішкі жан дүниесін білетін бір Аллаһ, оған көп адамдар сенбейді. Енді сол шенеуніктерді (басшылардың) барлық іс қимылдарын видео жазып тұратын болды десе – тек Халыққа ғана жұмыс істеу керек десе шенеуніктердің «А» «Б » корпустарында бос вакансия көп болатын еді ғой. Қазір қарап тұрсаңыздар басшылар барлық жерде -Үлкен қожайынға айналып барады, ал қолындағы істейтін адамдар құлға айналып бара жатқанға ұқсайды. Иман, мәдинет, Ұят деген қалып барады. Міне осыларды біліп, сезіп жүрегіңнен айналайын Дос Көшім жан мұңын айтып жатыр айтып жатыр , оны тыңдайтын адамдар аз немесе жоқ болып жатыр ғой.

  2. серақа 31 Наурыз, 2017 01:02 Жауап

    Жаналық емес қой. Советтік өмірден қалыптасқан әдет, биліктің жанында жүрсе атақ, данқ, бүкіл дефицит те, марапат та, байлық та сенде. Бұл қалыптасқан жаман менталитеттен тез құтылуға болар еді, онда биліктегілер аш кала ма деп қорқасың. Сол себепті биліктегілердің қолдан жасап (искусственно созданный) қалыптастырған менталитеті.

  3. Ф 1 Сәуір, 2017 14:12 Жауап

    бастықтар компания болсын үлкен магазин-компаниялары болсын:мен сіздерге кішкентай мысал келтірейін,өзім білетін қарапайым таныс құрбы əйел жинаушы болып істейді-тəңертең барады7.00-де түскі 15.00-ге дейін,рамстор компаниясын жуып-жинайды,айлығы 35-40.000теңге демалыссыз -демалсаң ақшаң 30.000-ға да жетпейді.осындай аз ғана күлкілі айлық төлеп отырып оларды құлша жұмсайды кеткенше отырғызбастан тіпті тамақ ішпей жұмыс істеген күндері болыпты,өз жұмыстарынан тыс басқа да жұмыстарды оларға қосып беріп магазин ішіндегі басшықосшылары дікілдеп əкіреңдеп тез тез деп естерін шығарады екен.бұдан соң сол тапқан айлықтарын 25күн кешіктіргені аздай ухит сухит деп қысқартып-шұнтитып береді екен.енді осындай ұят жоқ қанаушы қоғамда əділдік бар деп кім айтар?

Пікір немесе жауап жазу

он алты − 14 =