Ұшу жолағында селфи жасап тұрған қыздарды ұшақ қағып кетті (ФОТО)

Мексикада ұшу жолағында селфи жасап тұрған екі қызды ұшақ қағып кетті. Ұшақтың қанаты бастарына тиген қыздар оқиға орнында тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды Baq.kz.

Шетелдік басылымдардың жазуынша, олар ұшу жолағының шетінде тұрған көліктің үстіне шығып, селфиге түспекші болған.

Селфидің қызығына кірген 17 және 18 жастағы қыздар сол сәтте ұшақтың жақындағанын байқамай да қалған.